«КӨКЕК» ӘКЕЛЕР КӨБЕЙДІ

«КӨКЕК» ӘКЕЛЕР КӨБЕЙДІ

«КӨКЕК» ӘКЕЛЕР КӨБЕЙДІ
ашық дереккөзі
199

Американың Тенкеш штатының 33 жастағы тұрғыны Десмонт Хэтчетт сотқа арызданды. Өзінің бірнеше әйелден 1-14 жас аралығындағы 30 баласы бар екенін, жалақысының жартысын 30 баласына алимент ретінде төлейтінін айтқан ол соттан осы міндеттен босатуды өтініпті.

Қазіргі таңда оның бір жасқа толмаған балаларының айына алатын ақша мөлшері $1,49 долларды ғана құрайды. Осы аз мөлшердегі 30 баласына беріп жүрген ақшасын Десмонтт өзімнің өміріме қажет, сондықтан бұл талаптардан босатуды сұраймын деген болатын. Бұдан бірнеше жыл бұрын сотта Десмонд Хетчетт алимент төлемегені үшін айыпталған болатын. Оның атына бір мезетте бірнеше әйел арызданған. Сол кездің өзінде Десмонт 21 баланың әкесі атанып жүрген. 2009 жылғы болған сотта сот өкілдеріне енді әке атанбауға уәде берген. Бірақ ол 2009 жылдан бері тағыда 9 баланың әкесі болып үлгерген. Оның ішінде егіз сәбилері де бар. Қазіргі уақытта сот оған ешқандай айып таға алмайды және тағы да балалары болуына шектеу қоя алмайды.Себебі біріншіден, сот өкілдерінің заң бойынша Десмонттың тағы да әке атануына шектеу қоюға құқығы жоқ, ал екіншіден, ол ешқандай құқық бұзатын әрекет жасамаған және барлық әйелдер осы уақытқа дейін одан өз еркімен баланы дүниеге әкеліп жүрген.

Ал бұл жағдай Қазақстанда қалай? Алимент төлеуден жалтару еліміздегі күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда ақпараттарға сүйенсек, тек Алматы қаласының өзінде 124 275 966 теңге төленбеген алимент тұр. Оның ішінде жоғарғы шенді мемлекет қызметкерлері мен қолында мықты билігі бар «әкелер» де кездеседі. Еліміздің заңына сәйкес, баланы қарау, оған қамқор болу әр ата-ананың тікелей міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңында ата-аналардың балаларын асырап-бақпаған жағдайда тиісті төлем – алимент төлеу міндетті екені анық та айқын көрсетілген. «Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-баға алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады».

Әлеуметтанушылардың мәлім­де­у­ін­ше, қазіргі таңда елімізде 100 мыңнан астам алимент алмайтын, кәмелеттік жасқа толмаған балалар бар. Оларға төленетін қарыз миллиард теңгеден асады. Тек соңғы бес жылдың өзінде алимент төлемеушілердің саны 25 пайызға көбейген. Олардың көп бөлігі үнемі жалақы алып отыратын азаматтар болып шыққан. Алимент төлемеуге байланысты Алматы да бірінші ақпан мен жиырма тоғызыншы ақпан аралығында ОЮЛ «Қазақстанның кризис орталығы ұйымы» және «Амансаулық» қоғамдық қаражат қоры қалалық прокуратурамен бірлесе өткізген «Өзіңнен баста» акциясы өз шешімін шығарған болатын. Акция балалардың алимент алу кезіндегі құқығын қорғау үшін және алимент төлемейтіндер санын анықтау, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер арасындағы алимент төлемеушілер тізімін анықтауға бағытталған. Осы мәселеге байланысты он төртінші наурыз күні мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен пресс-конфе­ренцияда тікелей қоңырау арқылы 150-дей шағым түскен. Оның ішінде алимент төлемеген халықтық қорғау комитетінің өкілдері, қаржы полициясы, ішкі істер басқармасы және салық департаментінің өкілдері де бар. Тағы бір айта кететін жай, қазіргі таңда алимент төлеуден жалтарудан бөлек, Заңға да бағынбай жататындар да кездеседі. Мәселен сот органдары шақырғанда келмей қалатындар да, хабарландыру хатына да құлақ аспайтын азаматтар да, өз табыс мөлшерін жасырып, жалақысы туралы дұрыс ақпарат бермей жататындар да жетерлік. Алимент төлеуден жалтарудың тағы бір тәсілі – өз мекен-жайын жасырып қалу. Бұның бәрін саралай келе осындай жағдайлардан зардап шегетін бейкүнә сәбилер ғана екенін естен шығармауымыз керек.

Арай ТҰҒЫРОВА

ҚазҰУ-дiң студентi

Серіктес жаңалықтары