«ХАННАН ДА ҚАДІРЛІМІН ТУҒАН ЕЛГЕ»

«ХАННАН ДА ҚАДІРЛІМІН ТУҒАН ЕЛГЕ»

«ХАННАН ДА ҚАДІРЛІМІН ТУҒАН ЕЛГЕ»
ашық дереккөзі
212

3 маусым күнi Алматыдағы Ғабит Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театрында «Алаш айнасы» республикалық газетi мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бiрлестiгi» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы композиторы, тарлан ақын, қуатты әншi Үкiлi Ыбырай Сандыбайұлының өмiрi мен шығармашылығына арналған «Ханнан да қадiрлiмiн туған елге» атты концерт өтедi.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер Сағызбай Қарабалинның сахналауымен Үкілі Ыбырайдың өмірінен қойылымдық көріністер көрсетіліп, сыбызғы мен қобыз, домбыра аспаптарымен күйлер де ойналады. «Гәкку» әнінің шығу тарихынан шағын қойылым қойылып, Үкілі Ыбырайдың өміріне қатысты тың деректер көрермен қауымға ұсынылады. Талғат Абылбеков, Рахымжан Әбішов, Ермек Сапаров есімді суретші-шеберлер «Адырна» атауына байланысты ұлттың қорғаны ретінде садақтың бір бөлшегін, рухани байлық нышанындағы адырна аспабын және жер байлығы ұғымындағы адыр тәрізді элементтерді пайдаланып кештің сахнасын безендіріп отыр. Кешке Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Сәуле Жанпейісова, Еркін Нұрханов, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева, Ерлан Ырысқали, Ерлан Құжиманов, Жасұлан Базарбеков, Талғат Әбуғазы, Самат Исаев, Саят Нұрғазин, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаев және тағы басқа өнерпаздар қатысады. Астанадан Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ақын Кәкімбек Салықов, әйгілі әнші Қайрат Байбосынов, Көкшетаудан өнер зерттеушісі, жыршы-жырау, ақын Жұмабай Есекеев, Қарағандыдан әнші Ержан Базарбековтер келеді деп күтілуде. Концерт 18.00-де басталады.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі игі бастаманың жалғасы ретінде Балуан Шолақ, Естай, Әсет, Мәди, Қапез, Кенен, Нартай, Жамбыл әндерінен концерт өткізуді жос­парлап отыр.

Берiк САЙРАНБЕКҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары