АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДI

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДI

АПАТ  АЙТЫП КЕЛМЕЙДI
ашық дереккөзі
431

Өзiндiк қызығын ала келетiн жылдың осы мерзiмiнде қала тұрғындары тау етектерiне жиi жиналып, қала маңындағы өзен-сулардың жағасын жайлайтыны бар. Әдетте, отбасымен, бала-шағамен демалушылардан босамайтын осындай серуендер көп ретте қайғылы оқиғалармен ұласып жататыны да өмiр заңдылығы шығар. Дегенмен, «Сақтансаң сақтаймын» деген халықтық философияны бiр сәт естен шығармай, өзiмiзге-өзiмiз сақ болғанымыз қажет-ақ.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар де­партаментiне қарасты Алатау аудан­дық Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң қызметкерлерi осындай жағдайлардан тез шешiм қабылдау арқылы қалай шығуға болады деген мәселелер төңiрегiнде үнемi жұртшылықпен әңгiме жүргiзiп келедi. Жазғы көңiлдi күндердiң соңы қайғыға ұласпас үшiн үнемi сақтық шараларын бiрге ойластыра жүру кез-келген пенденiң тiршiлiктегi бұлжымас мiндетiне айналғанда ғана өмiрiміздiң мәнi мен сәнi кiре түседi.

Осындай сақтық шараларының бiрi де бiрегейi, ең алдымен оқиға шие­ле­нiс­кен тұстағы жедел ақпарат екенiн де түсiнуге тиiспiз. Сондықтан да, Алатау ауданы Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң қызметкерлерi мұндай тосын жағдайларда тез арада хабарласу мақсатында төмендегiдей сенiм телефондарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдi.

8 (727) 274-26-12, 293-53-70 – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментiнiң бастығы; орынбасары 8 (727) 274-36-19; департаменттiң жедел кезекшiсiн 8 (727) 274-22-19 (тәулiк бойы), ал Алатау ауданы бөлiмiнiң бастығы өртке қарсы қызмет полковнигi – 8 (727) 97-66-05 телефондарынан таба аласыздар.

Бiр ғана жаз айларының өзiнде қаншама қалалықтардың өмiрiн үзiп жататын «тiлсiз жаумен» бiрiгiп, ұйымдасып күрескенде ғана осынау зұлматтың жолын кесуге болатынын тағы да естерiңiзге саламыз.

Е.ҚАСЕНОВ,

Алатау аудандық ТЖБ аға инженерi, өртке қарсы

қызметтiң

аға лейтенанты

Серіктес жаңалықтары