ҚУАТТЫ ЕЛДIҢ ҚАРУЫ ДА МЫҚТЫ

ҚУАТТЫ ЕЛДIҢ ҚАРУЫ ДА МЫҚТЫ

ҚУАТТЫ ЕЛДIҢ ҚАРУЫ ДА МЫҚТЫ
ашық дереккөзі

Астанада өткiзiлген «KADEX-2012» көрмесiне Жер шарының 20 елiндегi әскери қару-жарақ өндiретiн 250-ге жуық компания қатысты. Көрмеде көрсетiлген қару-жарақ кез келген мемлекеттiң қорғанысын нығайтуға қауқарлы.

1992 жылдың 7 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Қорғаныс саласы 20 жыл ішінде заманауи техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілу үстінде. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда әуе-қорғаныс күштері жоға­ры деңгейде. Әсіресе елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін авиация саласына көп көңіл бөлініп отыр. Құрлық әскерлері арасында әскери оқу-жаттығулардың жиі өткізілуі аэроұтқыр, мотоат­қыш­тар мен танкіге қарсы күштердің жо­ғар­ғы деңгейін, сапалы техникамен жа­рақ­талғанын, жалпы, жақсы дайындықта екенін көрсетсе керек. «Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «KADEX-2012» халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өтті. Аталған шара барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен көрмеге қатысушы шетелдік компаниялары арасында бірқатар келіссөзге қол қойылды. Сонымен қатар Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қырғызстан, Түркия, Қытай қорғаныс министрліктерінің өкілдерімен кездесіп, олармен екі жақты ынтымақтастық пен келешек бірлескен жоспарларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Келіссөздерге көрменің тең ұйымдастырушылары «Қазарнаулыэкспорт» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны және «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы АҚ-ның басшылары қатысты. «Қазарнаулыэкспорт» компаниясы әскери мақсаттағы өнімдер экспорты мен импорты, қару-жарақты сату және қайта өңдеу саласында жалғыз мемлекеттік оператор болып табылады.

Сонымен қатар, Қарулы Күштерді, басқа да әскер түрлері мен әскери құрылымдарын импорттық өнімдермен жабдықтайды. Көрме барысында астаналықтар мен қала қонақтары әскери техника мен қару-жарақ түрлерін тамашалап, әскери өнім өндірушілердің жаңа зерттемелерімен танысты. Аталған шара барысында құрлық әскерлері мен әуе қорғанысы күштері техникасы да көрсетілді. Авиация шоу-бағдарламасында Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік авиациясы пилотаж тобының ұсынуымен, аспанда қалықтаған Л-39, МиГ-29, Су-27 ұшақтары өнер көрсетті. Астананың орталық көшелерінің бірінде өткізілген плац-шеруге Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама әскери оркестрі, Германия, Польша, Тәжікстан, Үндістан және АҚШ оркестрлері қатысты.

Арай АМАНҒАЗЫҚЫЗЫ,

ҚазҰУ-дiң студентi