КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЖЫ САЛУҒА ДАЙЫН

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЖЫ САЛУҒА ДАЙЫН

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЖЫ САЛУҒА ДАЙЫН
ашық дереккөзі
182

Жақында Алматы қаласының кәсiпкерлерi бас қосып, бiраз мәселенi талқыға салды. Бұл отырыс негiзiнен қаланың азық-түлiк белдеуiн дамытуға байланысты өрбiдi. Нәтижесiнде кәсiпкерлiк өкiлдерi бұл мақсатқа 100 млн. АҚШ долларынан астам қаржы салатындықтарын жеткiздi.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР жер ресурстарын басқару жөнін­дегі агенттік (ЖРБА) төрағасы Қадырхан Отаровпен, Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбековпен, сондай-ақ банктер және жекеменшік компания өкілдерімен кезде­сіп, азық-түлік белдеуін дамыту туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Осыған орай, Алматы қаласы әкімшілігі осы қомақты ақшаны салуға дайын инвесторлар тізімін әзірледі. Олар қаржыны жаңа технологиялар қолданылатын жылыжай кешендеріне және ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарына бөлетін боп келісті. Мұнымен қоса банк өкілдіктері де азық-түлік бел­деуін дамыту аясында осындай жобаларды инвестициялауға бірауыздан келісім берген көрінеді. Қала әкімі инвесторлар тізімін Алматы облысының және ЖРБА өкілдеріне тапсырып, бизнес орта бастамасын қолдауды ұсынды. Сондай-ақ, ол облыс және агенттік басшылығына ағымдағы жылы аталмыш жобалар үшін қанша суармалы жер ұсына алатындығы туралы ақпарат беруді тапсырды.

Жәнiбек ӘШIМ

Серіктес жаңалықтары