ТАЛАЙ ЕЛ ТОЙЛАЙТЫН МЕЙРАМ

ТАЛАЙ ЕЛ ТОЙЛАЙТЫН МЕЙРАМ

ТАЛАЙ ЕЛ ТОЙЛАЙТЫН МЕЙРАМ
ашық дереккөзі

Бiрiншi мамыр мейрамы көптеген атаулармен мәлiм: Бiрiншi Мамыр, Көктем және Еңбек мейрамы, Көктем күнi, Еңбек күнi, Халықаралық ынтымақтастық еңбек күнi. Аталмыш мейрамды 142 елде тойлайды екен. Алайда бұл дәстүр қайдан келдi?XIX ғасырдың аяғында жұмыс­шылар қозғалысы әлемде қарқынды түрде белең алды. Жұмысшылар жаппай митингке және шеруге шығады екен. Алға қойған мақсаты – еңбекте қалыпты жағдай жасау болатын. Бұндай шерулердiң бiрi 1886 жылы 4 мамырда Чикаго қаласында өттi. Сөйтiп, Хаймер­кет шеруi деген атқа ие болды. Шеру кезiнде ланкестiк әрекет iске ас­ты. Полицейлер отрядына бомба лақтырылған, дәл осы жағдай атысқа әкеп соқтырған едi.

Үш жыл өткен соң, 1889 жы­лы маусым айында II Интер­нацио­налдың Париж конг­ресi өткен бо­латын. Сөйтiп, демонстрацияға қатысушылардың рухына арнап Хаймаркет – скверде 1 мамырда Халықаралық ынтымақтастық еңбек күнi деп жариялады. Сол күннен бастап бұл мейрамды көптеген ел атап өтуде.

Ресейде 1 мамырды алғаш рет 1890 жылы атап өттi. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн Ресейде 1 мамыр Еңбек және Көктем мейрамы деп ауыстырылды. Бүгiнгi таңда бұл мей­рам Австрия, Оңтүстiк Корея, Фран­ция, Италия және т.б елдерде ата­лып өтiлуде. Ал Жапонияда, Жаңа Зе­ландияда, Австралияда Еңбек күнiн басқа күнi тойлайды екен.

Мейрамның ежелден келе жатқан ұқсас күндерi бар. Пұтқа табынушылық заманда Британ аралдарды және Батыс Еуропада 1 мамырдың алғашқы күнi көктемнiң бастапқы егiсi делiнедi. Кельттер 1 мамыр мейрамын Белтейн деп атаған. Ол Беленусқа – Күн құ­дайына арналады.Қазақстанда 1 мамыр ынтымақ, бiрлiк күнi деп ата­лады. Финляндияда Көктем және Ең­бек мейрамы деп аталып өтедi. АҚШ-та Денсаулық сақтау күнi екен. Кореяда – Будданың туған күнi. Бүгiнгi таңда 1 мамыр итальяндарға ең бақытты күн ретiнде танымал. Швейцарияда бұл күнi әйелдер, қыздар терезесiнiң алдына ағаш отырғызады екен. Ал Германияның жастары өздерiнiң сүйiктiлерiнен жасырын түрде терезелерiне қарама-қарсы ағаш отырғызады. Чехославакияда да сол сияқты дәстүр қалыптасқан. Француздар үшiн бiрiншi мамыр – қасиеттi Әулие ана Мария айы. Оның құрметiне түрлi шерулер өтедi екен. Грекияда таңертең ерте тұрып көктемнiң бiрiншi қарлығашын iздеуге бет алады. Оның iзiн тапқан соң, үй-үйлерге жағалай көктемнiң өлеңiн айта жөнеледi. Үндiстер аталмыш мейрамды канадалық провинцияда Соскачеван саршұнақ күнi деп атап өтедi. Бейресми демалыс күнi болып есептеледi.

Жалпы, Көктем күнi, Еңбек күнi, Халықаралық ынтымақтастық еңбек күнi, Бiрiншi мамыр, Көктем және Еңбек күнi, саршұнақ мейрамдырының қай-қайсысы болсын, жылы жайдарман, жасыл желек көктем мерекесiн қалайда жақсы көңiл күйде атап өту лазым. Өйткенi барша халықты одан кейiн күнделiктi тiршiлiктiң жұмысы күтiп тұрғаны сөзсiз.

Әсел ШҮКIРБЕКОВА