Журналистер білімін жетілдіреді

Журналистер білімін жетілдіреді

Журналистер  білімін  жетілдіреді
ашық дереккөзі
203

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «БАҚ мамандарының кәсiби бiлiктiлiгiн жетiлдiру және сертификациялау ұлттық орталығы» баспасөздегi, интернеттегi, радио мен телевизиядағы жаңа ақпараттық технологиялар бойынша ақылы негiзде оқытылатын арнаулы курстарға тыңдаушылар жинайтынын хабарлайды

Арнаулы курстар бойынша өткізілетін сабақтардың басталу мерзімі 2012 жылдың 16 сәуірі.

Оқыту мерзімі 2 апта. Арнаулы пәндер бойынша курс тыңдаушыларға Жоғарғы кәсіби үлгідегі сертификат беріледі.

Курстарға қатысуға журналистика саласы бойынша заманауи әдет- дағдылар мен жаңа білім алғысы келетін кәсіби қызмет атқарып жүрген журналистер және тағы да басқа медиа қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары шақырылады. Қатысам деушілер өтініш жіберулері қажет, онда аты-жөні, оқу немесе жұмыс орны, БАҚ-тағы жұмыс өтілі, байланыс телефондары, электрондық почтасы көрсетілуі тиіс.

«БАҚ мамандарының кәсіби білік­тілігін жетілдіру және сертифика­циялау ұлттық орталығы» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті базасында жұмыс атқаратын болады және ұлттық орталыққа Республикаға танымал «Хабар» АҚ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы, «Нұр медиа», «Қазақ газеттері» ЖШС, «Қаламгер-медиа», «Заң-медиа» корпорациясы, тағы да басқа белгілі медиалық құрылымдар ақпараттық қолдау көрсетеді. Арнаулы курстарды ҚазҰУ-дың профессор-оқытушылары, танымал журналистер және Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің белгілі қоғам қайраткерлері жүргізетін болады. Орталықтың директоры – белгілі ғалым-публицист, Қа­зақстан Журналистер Академиясының Президенті, профессор Сағымбай Қо­зыбаев.

Орталықтың құрылтайшылары Қазақ­с­тан Журналистер одағы, ҚР Журналистер Академиясы, Қазақстандық баспасөз клубы және Ресейлік «РИА новости» агенттігі. Орталықтың аясында талапкерлерге және жас тілшілерге арналған оқу және кеңес беру курстары қызмет ете­тін болады.

Теориялық және тәжірибелік білімдері мен біліктіліктері жоғары тыңдаушыларды орталықта оқытылатын арнайы курстардың тақырыптарын және кәсіби біліктілікті жетілдіруге қатысты құрылатын оқу жос­­парларын құрастырып жүйелеуге ша­қырамыз.

Кеңірек ақпаратты және оқу ақысын төлеу шарттары туралы мәліметтерді төмендегідей мекен-жайлар бойынша ала аласыздар:

Ұлттық орталықтың үйлестірушіcі: Ошанова Орынтай kulpnai@mail.ru, байланыс телефондары: 8 (727) 337-35-14, 87013096406, Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы 870123393011.

Серіктес жаңалықтары