ТАЛАЙ ЕЛДЕР ТОЙЛАҒАН НАУРЫЗ
ТАЛАЙ ЕЛДЕР ТОЙЛАҒАН НАУРЫЗ
Еліміз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтті. Алда сансыз қуаныш пен талай думан, белес, күлкі-қызық қайта оралар. Наурыз жаңа күн немесе уақытты жаңарту деген мағынаны білдіреді. Демек Ежелгі шығыс жаңа жылы деген сөз. Мейрам әлемнің түпкір-түпкіріне кең таралған. Әрине, Наурыз түркі мемлекеттерінің ұлттық және мемлекеттік ұлы мейрамы болып табылады. Ислам Иран Республикасының да ұлттық мейрамына жатады. ТМД аумағында Наурыз мейрамы көбінесе Орта Азия аумағында көп таралған. Атап айтатын болсақ, Қазақстан, Өзбекстан,Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б.
Ресейде көктем мерекесі Татарстан, Башқұртстан сияқты республикаларда да тойланады. Сонымен қатар Ресейдің бірқатар халқы, яғни чуваш, коми-пермяк секілді халықтар Наурызға тән дәстүрді сақтайды екен. Ал Кавказда барлық мұсылман республикаларында тойланады. Грузияда мерекеленеді. Одан әрі қарай той жалғаса бермек. Түркия және Македонияда да мейрам ерекше аталып өтеді екен.
Таяу Шығыста мейрам құрдыстандық Иракта тойланады. Оларда Наурыз жыл басы және күнтізбе бойынша Бахал болып саналады. Ал АҚШ-та 21 наурыз – ауыл шаруашылық күні.
Әйтсе де көптеген елдерде бұл мейрам 22 наурыз күні аталып өтіледі. Яғни 22 наурыз Иран күнтізбесі бойынша алғашқы күн мен түннің теңелетін күні. Ирандықтарда Наурыз ұлттық мейрам болып есептеледі. Оларда аталмыш мейрамның екі түрі бар: кіші, үлкен наурыз. Сонымен қатар, күн – Ормазд және айдың алтыншы күні – Фарфардин. Наурыз сөздерінің мағынасы тамырымен парсы сөздері болып табылады. Демек «нау»(жаңа), «руз»(күн). Сондай-ақ, көптік сөздікте (Египет) «нияру» тағы бар. Бұл сөздің қосымшасына шетелдіктер «с» әрпін қосты. Қорытындысында «ниярус» шықты. Бұл сөздің аудармасы «күндер» екен. Ниярус – көктемгі мезгіл атауы, наурыз айына тиісті дәл сол күндер. «Ниярусты» сөзбе-сөз аударғанда «мейрам татулық күндерінде» дегенді білдіреді. Жалпы, «наурыз» сөзі парсы деректемелерінде алғашқы рет б.з.б. II ғ. пайда болды. Ал мейрам Ахеменид замандарында (648-330 ж.ж б.з.б.) тойлана бастаған екен. Сондай-ақ, шииттер үшін де наурыз ұлттық мейрам екенін ұмытпағанымыз жөн.
2009 жылы 30 қыркүйекте ЮНЕСКО Наурыз мейрамын әлемдік мерекелер тізіміне енгізді. Сондықтан бүгінгі күні Наурыз халықаралық мейрам ретінде тойланады. БҰҰ да 21 наурыз күнін мойындады.
Наурыз өзінің әр республикасының салт-дәстүрлеріне тән ерекшеліктеріне қарай әртүрлі өтеді. Олардың барлығына бір ортақ ерекшелік болады. Бұл – жеті элементтен тұратын ерекше тағамның дайындау дәстүрі. Бұл қасиетті тағамның атауы да әр алуан. Өзбектер өз тағамдарын «сумаляк» деп атаса, Отанымызда әрине «наурыз көже» дейді.