АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ

АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ

АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ
ашық дереккөзі
318

«Алматының алмасы» деген ән әркімнің де есінде болар. Алматының апортын әнге қоспаған композитор кемде-кем шығар. Кезінде Алматының атын әлемге әйгілі еткен апорт енді қайта өсірілетін болады. Алматы облысының бес ауданында өсірілетін апорт алманы өсіруге Үкіметтің өзі бастамашы болып отыр.

Алматы облысының әкімдігінің деректеріне сүйенсек, апорт алмасын қайта қалыпқа келтіруге арналған бағдарлама жеті жылға арналған. Сондай-ақ, апорт алмасын өсіретін бағбандарға да Үкіметтен арнайы субсидия бөлінетін болады. Апорт ағаштарын отырғызғаны үшін алғашқы жылдары бағбан гектарына 549 мың теңге алмақ.

Аталмыш бағдарлама бойынша, әрбір алма көшеттері 320 теңгеге субсидияланады. Әрі бұл көшеттер апорттың қандай түріне жататындығы да арнайы тексеруден өткізілмек. Қазірдің өзінде 38 мың көшет дайындалып отыр. Бұл көшеттердің саны әлі аз. Өйткені мемлекеттік бағдарламаға қатысуға бүгінде 420 гектар жердің иелері өтініштерін тапсырған екен.

Сонымен бірге, Алматы облысының диқандары көктемгі дала жұмыстарына әзірлікті аяқтап қалды. Биылғы көктемгі егіс науқандарына облыс бойынша барлығы 40 мыңға жуық шаруашылық құрылымдары қатысып отыр. Жалпы, облыс бойынша 293 мың гектар жерге жаздық дәнді дақылдарды, 131,7 мың гектарға майлы дақылдарды, 13,9 мың гектарға қант қызылшасын, 69,8 мың гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдарын отырғызу жоспарланып отыр.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары