ҰЛАНДАР ЕСКЕ АЛДЫ

ҰЛАНДАР ЕСКЕ АЛДЫ

ҰЛАНДАР  ЕСКЕ АЛДЫ
ашық дереккөзі
170

Жуырда №0111 әскери бөлімнің ТжӘҚЖ-да Алматы қаласындағы Медеу ау­данының № 27 мен № 32 кітапханалар ұжым­дарының ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері Дін­мұ­ха­мед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына қарай «Ол кемеңгер – ұлы тұлға» атты тақырыптық кеш өтті.

Кеш №131 мектеп-лицейдің 5-сынып­ оқушысы, бала ақын Жамбыл Дүй­се­новтің Д.Қонаевқа арнау өлеңімен ашыл­ды. Содан кейін Д.Қонаевтың туған қа­рын­дасы Сара Ахметқызы ағасының өмір жолы туралы зал толы сарбаздарға тартымды естелік айтты. Ал Қонаев атындағы мұрағаттың қызметкері Нұрила Жүсіпбаева мұражайдағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сыр шертті. Медеу ауданы әкімінің кеңесшісі Алмасбек Нұғыманов пен сол аудан әкімшілігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Фараби Бекманбетов Қонаев туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Сарбаздар алдында Абылай хан атын­да­ғы шет тілдері университетінің І курс сту­денті Ж.Қалқанбаев «Қара бауыр қасқалдақ» әнін шырқаса, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 3-курс студенті А.Жандос «Қазақтай ел қайда» әнін әуелетті. Қатардағы жауынгерлер Ж.Құрманбаев пен Н.Асқанбаев ақын Қ.Бегмановтың Қонаев туралы жырларын оқыды. №32 кітапхананың қызметкері Айсара Мұсаева сарбаздарды «Заманымыздың заңғар ұлы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

ҚР ұланының № 0111 әскери бө­лімінің командирі подполковник­ Абзал Тоқбанов бөлім атынан Сара Ахмет­қызына, №32 кітапхана меңгерушісі Айша Баймаханбетқызына, бала ақын Жамбыл Дүйсеновке ыстық ықыласын білдіріп, «Алғыс хатпен» марапаттады.

Кешті негізгі ұйымдастырушы Айша­ Баймаханбетқызы қорытынды сөз­ сөйлеп, Д.Қонаевтың халық үшін ат­қарған еңбегі мен есімі ешуақытта ұмы­тылмайтынын айтып, сарбаздарды­ Отан­ды сүюге шақырды.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары