ИМПЕРИЯНЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҚ СЕРПУІ МЕ?

ИМПЕРИЯНЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҚ СЕРПУІ МЕ?

ИМПЕРИЯНЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҚ СЕРПУІ МЕ?
ашық дереккөзі
377

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы Нұрлан Нығматуллиннiң жетекшiлiгiнде өткен Палатаның жалпы отырысында депутат Қуаныш Сұлтанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмовке депутаттық сауал жолдады. Онда былай делiнген:

«Елбасы Жолдауының «Өңір­лер­ді дамыту» бөлімінде «Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңір­лердің қуаттылығы» деп ай­шық­талуына байланысты Үкімет бағ­дарламасының аясында елі­міз­дің шекаралық өңірлерінің жағдайына арнайы мән беріліп, нақты шаралар белгілеуіңізді өтінемін.

Әсіресе, Қазақстан-Қытай ше­ка­­ралық өңірлерінің әлеуетінің, елдің тұрмысы, жұмыс орны, демографиялық хал-ахуалы, әкімшілік-аймақтық құрылымы Үкімет тарапынан Жолдауға сәйкес жаңа көзқарасты талап етеді.

Қытай Үкіметі 1999 жылдан бері Батыс өңірлерді (яғни Шыңжаң өлкесін) дамыту жөнінде арнайы Мемлекеттік Бағдарламаны өте нәтижелі жүзеге асыруда. Жарияланған мәлімет бойынша 10 жылда Шыңжаң өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тек мемлекет қаржысынан 100 миллиардтан астам АҚШ доллары құйылды. Гонконг, Пекин, Шанхай, Гуаньчжоу, Шэньжен т.б. ірі қалаларының бизнес салалары бұдан тыс екі есе артық мөлшерде инвестиция құйған. Шекараның арғы жағына 100 км. ендікке ішкі Қытайдан миллиондаған адамдар көшіріліп, жаңа қалалар, ондаған елді мекендер қанат жайды. Ірі өндіріс орындары ашылып, инфрақұрылымдар бой көтерді. Қорғастан 80 шақырымда тұрған Құлжа (Инин) қаласында бір кезде небәрі 100 мыңдай ғана тұрғын болса, қазір ол қалада бір миллионнан астам хансулықтар тұрады.

Керісінше, 1700-ден астам ша­қы­рым шекара ұзындығының біз жағындағы 100 шақырым ендігінде тұратын бар халықтың саны 400 мыңның ар жақ, бер жағы. Бұл ендіктегі ең үлкен қаламыз 33 мың адам тұратын Жаркент қаласы. Шекаралық Райымбек, Нарынқол, Үшарал, Үржар, Мақаншы, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл, Қатон Қарағай т.б. елді мекендерінде де халық саны өте селдір, төмен. 90-шы жылдары дағдарыс кезінде жабылып қалған аудандардан көп адам көшіп кетті.

Қорғас аумағында жасалып жатқан әлеуметтік нысандар, жолдар, тағы басқа инфрақұрылымдар жүйесін Жаркент қаласының, ауданның басқа да елді мекендеріне, сондай-ақ шекаралық ауылдар, қалаларға таралуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға Үкіметтің қамқорлығы, әрі шешімі қажет. Мұндай шаралар тұрғындардың тұрақтануына, халық санының өсуіне ықпал етер еді.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Сіз қытай маманы ретінде көршілердің жағдайын өте жақсы білесіз. Біз олармен халық саны жағынан бәсекелесе алмасақ та, өмір сапасы, Елбасы Жолдауында көрсетілген адам капиталы тұрғысынан тереземізді тең ететін жағдайымыз толық жеткілікті. Сондықтан, Үкімет шекаралық өңірлерді дамыту туралы арнайы мемлекеттік бағдарлама жасақтап, тіпті арнайы заң қабылдануын, әкімшілік-аймақтық құрылымын қайта ұйымдастыруды, жаңа жұмыс орындарын ашу, демографиялық мәселелер, ұлттық рухани шаралар жиынтығын сол Бағдарлама аясында қарастырғаны заман сұранысына, Жолдау тапсырмасын орындауға жауап берер еді».

Дайындаған

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары