ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ жариялылықтан ұтады

Мемлекет пен iрi кәсiпорындардың сатып алу жоспарлары ұдайы жұртшылықтың назарында екенiне дау жоқ. Себебi бiзде сатып алу байқауларының ашық та әдiл өткiзiлуiне сыни көзқараспен қарау әдетi қалыптасқан. Қоғамдағы осындай көңiл-күйдiң алдын алу үшiн елдегi беделдi компаниялар сатып алу жоспарларын ашық жариялай бастады. Мұндай талпыныстарды сынау емес, құптау керек екенi анық.

Соның бір мысалы, өткен аптада­ «Қаз­Мұнай­Газ» ҰК» тендер өткізу мәселесінің не­ғұрлым шынайы өткізілуі үшін, са­тып­ алу байқауларына қазақстандық кә­сіп­орын­дардың атсалысу мүмкіндігін арт­ты­ру­ үшін бірқатар шаралар жоспарын жа­рия­­лады. Компания өз мақсатының айқын еке­нінiң дәлелі ретінде өзінің ресми сайтын­да 2012-2016 жылдарға арналған тау­арлар мен қызмет түрлерін сатып алу жай­ында жан-жақты әрі толық ақпаратты жа­риялады. Бұл ақпараттар компанияның ен­шілес ұйымдары сайттарында да жарық кө­ргенін айта кету керек.

Компания менеджерлері үшін бұл қадамның жауапкершілігі мол екенін ескерген жөн. Өйткені сатып алу құжаттарының жұртшылық назарына ұсынылуы – сатып алу байқауының шынайылығы мен әділдігін көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ ақпараттық қоғамның дамуына оң ықпал етпек.

Бұл ақпарат жарияланысымен, бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында қызу талқыға түс­кені – осындай сипаттағы ақпараттың өзек­тілігін білдірсе керек. Қоғамда сатып­ алулар жөніндегі ашық та шынайы ақпа­рат­қа сұраныс бар. Сондықтан бұл та­қы­рыптағы түрлі пікірлер тоғысы ашық қо­ғам­ның құрылуына сеп болмақ.

Мұнымен қатар, «ҚазМұнайГаз Ұлт­тық компаниясы 2011 жылғы сатып алулар жө­ніндегі ақпаратты жариялауды жөн деп тапты. Оның ішінде, компанияға қарасты мекемелерде дене тәрбиесі, сауықтыру кешеніне арналған құрал-жабдықтар алу туралы деректі де жасырып-жапқан жоқ. Оның үстіне, бұл сатып алулар нә­ти­же­сінде ешқандай заң бұзушылықтың бол­ма­ған, ал компания қызметкерлері осы ке­шендерде тәнді сауықтыру шараларымен­ қамтылған.

Оның үстіне, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қа­рас­ты еншілес компания да өздерінің сатып алу­ жоспары мен ережесін бекітеді. Дегенмен олар өздерінің сатып алу жоспарларын ұлт­тық компаниямен келісуге міндетті емес.

Былтыр желтоқсан айында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығына Ләззат Қиынов та­ғай­ындалды. Жаңа басшының келуімен ком­па­ния­ның сатып алу жұмыстарының сапасы бірқатар өзгеріске ұшырады. Биылғы жылы бұған дейін құрылған сатып алу жоспарына егжей-тегжейлі талдау жасалып, соған байланысты жаңа тендерлер өткізу ісі уақытша тоқтатылған. Ұлттық компанияның қаржысын тиімді жұмсау мақсатында Оңтайландыру жөнінде арнайы комиссия құрылғаны да бұл істе неғұрлым шынайылықты, әділдікті қамтамасыз етеді.

Ләззат Қиыновтың бұйрығымен құ­рыл­­ған ар­наулы комиссия құрамында бі­лік­ті заң­гер­лер, кәсіби экономистер мен ау­диторлар жұмыс істейді. Комиссия жұмы­сының нтәижесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бюд­жеттік бағдарлама әкімшіліктерінің са­­тып алу жоспарының мақсатына, ба­ға маркетингісіне кәсіби сараптама­ жасалмақ. Оның үстіне, сатып алу нә­ти­жесінде жұмыстың экономикалық, әлеу­мет­тік тиімділігі қандай болмағы да басты назарда.

Ең бастысы, мұндай оң өзгеріс жақын ара­да ұлттық компанияның еншілес ком­па­­нияларын да қамтымақ. Осындай шара­лар­дың арқасында «ҚазМұнайГаз» компа­ния­сы елдегі сатып алу шараларының әділ өтуіне, бұл саладағы ақпараттың не­ғұрлым жария, ашық болуына едәуір ық­пал етеді.

Көлбай ЖЕҢIС

Back to top button