БАТЫР АНА 26 ЖАСТА

БАТЫР АНА 26 ЖАСТА

БАТЫР АНА 26 ЖАСТА
ашық дереккөзі

Соңғы уақытта Қырғызстанда үшем туған келiншектер көбейдi. Наурыз айының ақырғы күндерiнде Жалалабад облысындағы Ақсы ауданының орталығы – Кербен қаласында Нұрзада Қожабекова деген 26 жастағы келiншек екi бала, бiр қызды дүниеге әкелдi. Ол бұдан бұрын екi рет босанып, екеуiнде де егiз нәрестелi – бiрiншiсiнде екi қызды, екiншiсiнде екi ұлды болған.

Жеті балалы болған болашақ батыр ана­ны және оның жолдасы Ұрматаалы Те­мірбаевты ауданның әкімі, қаланың мэрі­ және қалалық кеңестің төрағасы ке­ліп құттықтап, тарту-таралғыларын тап­сырды.

Өткен жылдың күзінде Бішкек қа­ла­сының іргесіндегі Шу облысына қа­рас­ты ауылдардағы 31 жастағы Ермек Са­киевтің және 20 жастағы Мірбек Барқ­та­бас­ұлының келіншектері үш қыздан бо­санып, отбасы, туған-туысқандарын қу­ант­қан. Күйеуімен құрдас, 31 жастағы На­зира Жұмаева бұрын ұл бала туған екен, ал енді Мірбектің келіншегі Айза­да Ақылбекқызы 17 жасында тұңғыш нә­рес­телерін – үш егізді көтерді.

Бір мезгілде дүниеге келген бұл екі от­басы мүшелерін сол кезде премьер-ми­нис­трдің міндетін атқарып жатқан Өмірбек Ба­банов және әлеуметтік қорғау министрі барып­ құттықтаған. Үкіметтің атынан олар­дың әрбіріне 500 мың сомнан ақшалай сый­лық, үй салу үшін 7 сотықтан жер телімінің құ­жаттары берілген. Әлеуметтік қорғау ми­­­нистрі ай сайын берілетін жөргек пұл та­ғай­ындаған.

Шетелдерде еңбек миграциясында жүр­ген отбасылардың арасында да үшем туған қыр­ғыз келіншектері ұшырасады. Мирзат­ Са­паралиева деген келіншек Мәскеуде кү-й­еуімен бірге жұмыс істеп жүргенде күні же­тіп босанып қалған. Дүниеге үш ұл келген.­ Егер жұбайлар Ресейдің азаматтығын ал­са,­ балаларының әрқайсысына 150 мың ру­бль­ден бір жолғы жөргекпұл, сосын ай­ сайын 6 мың рубльден жәрдемақы тө­лен­бек екен, олар Ресей азаматтығын ал­ғы­сы келмей, балаларын алып жүруге жа­ра­ған­да, Қырғызстанға, туған жерлері –Талас об­лысының Қарабура ауданына оралған. Бірақ Мирзаттың айтуынша, мұнда оларға жет­кі­лік­ті көңіл бөлінбей келеді.

Көп балалы аналарды қолдау бойынша өл­кенің жаңа заңына сәйкес жеті бала туып, оны аман-есен өсіріп отырған аналарға 2009 жылдан бастап «Батыр ана» атағы, алты ба­ла­лыларға «Ана даңқы» медалі беріле бастады.­ Марапаттаудың бір шарты бар – ба­лалар сотталмаған болуға тиіс. Биылғы ақ­панда мемлекет басшысының жарлығымен 4 мың 655 әйел “Батыр ана” орденімен, 1 мың 235 әйел “Ана даңқы” медалімен марапатталды. Былтыр 6 мыңдай әйел “Батыр ана” атанып, одан тысқары 1600 ден астам әйел “Ана даңқына” ие бол­ған еді. Екі жылда 13490 ананың Пре­зи­денттің жарлығына ілінуі қырғыз елі­нде сәбилердің саны өскенін білдіретін көр­сеткіш.

Республикада бала туымы жыл сайын­ өсіп келеді. Осы өсім жыл сайын­ шетелдер­ге жұмыс іздеп кетіп, бар­ған­ жерінің азаматтығын алып жатқан мың­да­ған адамдардың орнын толтыруда. 7-8 жылдан бері Қырғызстан халқының саны 5 миллионнан төмен түспей, тіпті көбейіп отырғаны осыған дәлел. Қырғыз Республикасының ұлттық статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, 2012 жылдың 1 наурызында Қырғызстан халқының саны 5 миллион 571 мың 200 адам болды. Былтырғыға салыстырмалы халық саны 1,5 пайызға өскен. Елдің халқының көпшілігін, негізінен жас адамдар құрайды. Республика халқының үштен бір бөлігі 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Оқушылардың саны 1 миллионнан асып түседі. Жоғарғы және орта оқу орындарында 200 мыңнан астам студент білім алып жүр.

Назарбек БАЙЖIГIТОВ,

«Түркістанның» Қырғызстандағы меншiктi тілшісі