АСТАНАҒА ДА ҚАТАҢ КОМИССИЯ КЕЛДІ

АСТАНАҒА ДА ҚАТАҢ КОМИССИЯ КЕЛДІ

АСТАНАҒА ДА ҚАТАҢ КОМИССИЯ КЕЛДІ
ашық дереккөзі
196

EXPO-2017 көрмесiн Астанада өткiзу туралы Қазақстанның өтiнiшiн Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) сараптау комиссиясы құп көрген болатын. Бұдан кейiн Парижде Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесiп, 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзуге Қазақстан елордасының кандидатурасын жылжыту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы пiкiр алмасқан-ды.

Онда Астана қаласының әкімі халық­аралық көрмеге қатысудың маңыз­ды­лы­ғына тоқталып, EXPO – экспонент-елдердің дамуына және өз жетістіктерін паш етуге ықпал ететін әділ әрі ашық бәсекелестіктің әлемдік алаңы екендігіне тоқталды. Қазақстанда жаңа елорданы салу тәжірибесін есепке алғанда, EXPO-2017 жалпыұлттық жобасында жеңіске жетуге және оны жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктер барлығы да қадап айтылды. Бюро басшысының негізгі назары ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы Астананың әлеуеті мен тәжірибесіне аударылды.

Сонымен, еліміз «Болашақ энергиясы» атты тақырыпта халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге үміткерлер қатарында сынаққа түсіп, же­ңіске жеткен жағдайда, 2017 жылы Астананың 20 жылдық мерейтойына орайлас өткізіле­тін көрмеге қатысу үшін әлем­нің 100 мемлекетінен 5 мил­лион­ға жуық адам келмек көрінеді. Көрмені өткізу уақы­ты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында деп белгіленген. Бір айта кетерлігі, ЕХРО көр­ме­лері бұрын-соңды Орталық Азия­да және ТМД елдерінде ешқашан өткізілмепті.

Ал осы аптада Астанаға арнайы сапармен Халықаралық көрмелер бюро­сы­ның (ХКБ) сараптау комиссиясы келіп, ЕХРО-2017 көрмесі шежіресінің тұсаукесеріне қатысты әртүрлі шаралар өткізілді. Мұнымен қоса «Болашақ энергиясы» тақырыбы ая­сындағы шеберлік-жоспарлар, техникалық-экономикалық сараптаулар және басқа да ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, елімізге ат басын тіреген қонақтардың қатарында ХКБ төрағасы, Дания делегаты Стен Кристенсен, Лаура Факсас (Доминикан Респуб­ли­ка­сы), Сантьяго Мендиороз Эче­ве­риа (Испания), Ясуши Ивата (Жапония), Мауро Маяни (Сан-Марино) және ХКБ-нің бас хат­шы­сы Висенте Гонсалес Лоссерталес және Халықаралық көрме­лер бюросының президенті Фердинанд Наги бар.

Астананың 2 мыңнан астам тұрғыны Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесінің Астанада өткізілуін қолдап, бірауыздан мақұлдайтындықтарын өздерінше жеткізуде. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына келушілер тақырыптық арт-перфоманске қатысты. Осы шара барысында витраждық бояулар, бояу жаққыштар, түсті қағаздар мен басқа да көрнекі құралдар­дың көмегімен «Мен ЕХРО-2017 жобасын қолдай­мын» атты шарада ЕХРО дүниежүзілік көр­мелерінің та­рихына қатысты сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, бағалы ұтыстар сарапқа салын­ды. «Хан Шатыр» орталығына кел­ген тұрғындар мен қонақтар халықаралық көрме тарихы тура­лы сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Ал әсерлі кеш жұртшылықтың жаппай «Қара жорға» ұлттық биді билеуімен аяқталды. Сонымен қатар, түрлі-түсті арт-нысандар – «Қазақстан» панносы, EXPO-2017 логотипінің аппликациялары, «Қазақстан халықтары» панносы, «Мен EXPO-2017 жобасын қолдаймын» атты фотоаппликациялар жасалды. Өз кезегінде «Астанада осындай шаттыққа толы жылы лебіздеріңізді көру мен үшін үлкен сүйініш. Мен өздеріңіздей ыстық ілтипат танытқан елде бұрын-соңды болған емеспін», – деді ХКБ Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес. Бұдан соң ХКБ делегаттары «Бәйтерек» монументін, Бейбітшілік және келісім сарайын, Қазақ Елі ескерткішін тамаша­ла­ды. Ал мәдени бағдарлама Тәу­ел­сіздік сарайында жалғасын тау­ып, меймандар «жанды тарих» үл­гісіндегі көшпенді­лер­дің мә­де­ниеті мен тұрмы­сы­ның көрінісіне тәнті болды. Әсіресе, бірнеше киіз үйден құ­рал­ған ұлттық этно­ауыл мен «Са­ры­арқа» халық аспаптар оркес­трінің және «Наз» мемлекеттік би театры­ның әртістері қойған кон­церт қо­нақ­тардың көңілі­не жылы леп сыйлады. Әр­тістер қазақтың құда түсу, келін түсіру, тұсаукесер, шашу сияқты ұлттық салт-дәстүрле­рі­нің қойылымдарын көрсетіп, қонақтарға ақшаң­қан киіз үйлердегі ұлт­тық дас­тарқан мәзі­рі­нен дәм татқызды. ХКБ бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес: «Сараптау комиссиясы мү­ше­лерінің көбі Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Олар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, 20 жылдық тәуелсіздік шежі­ре­сінің жетістіктерімен танысып, таң қалуда», – деді. Ал осы сапар аясында БАҚ өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде сөз алған Сыртқы істер министрлігінің жауап­ты хатшысы Рәпіл Жошыбаев: «Біз 2017 жылы өткізуді жоспарлап отырған көрме елорда құры­лысының жалпы жоспарында көрініс тапқан. Көрмені өткізуге жұмсалатын шығын шамамен 1,5 миллиард доллар болады деп болжануда», – деп атап көрсетті. Оның айтуынша, аталған шара­ларға бюджет қаражатынан бөлек ХКБ тарапынан да қаржы тар­тыл­мақ. Елімізге арнайы сапармен келіп отырған делегаттар көр­ме өткізгеннен кейінгі уақыт­та халықаралық осы маңызды ша­раға орай арнайы салынған ны­сандардың одан әрі пайда­ла­ны­луы қалай болатындығын да зерделемек.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары