ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ  КЕЗДЕСУ
ашық дереккөзі
118

Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетіндегі «АЭМ» кафедрасы тарих ғылымдарының докторы Дос­бол Байғонақовтың ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Дін­мұхамед Меңліахметұлы Қонаев­тың туғанына 100 жылдығына байланысты қонаевтанушылар: ғалым-жазушы Мамытбек Қалдыбай, журналист Көлбай Адырбекұлы және Ораз Қауғабайдың 3-курс студенттерімен кездесуі болды.

Бірнеше кітаптардың авторы Ма­мытбек Қалдыбай ірі тұлғаның ата тегіне байланысты деректі әрі қы­зықты әңгімелер айтты. Студенттерге Қонаевтың өмір жолынан жазған «Жүз жыл аңсаған» атты деректі романын тарту етті.

«Түркістан» газетінің қызметкері Көлбай Адырбекұлы студенттерге Қонаевтың қызметтен босаған кезіндегі Колбиннің қысымшылығы­на ұшыраған ауыр кезеңі, КСРО Бас прокуратурасы тергеушілерінің іс-әрекеттері туралы сыр шертті.

«Ақиқат» журналының қызметкері Ораз Қауғабай мемлекеттік тұлғаның республика басшылығында жүрген кездегі шетел сапарлары, ел ішіндегі атқарған жұмыстары жөнінде әңгі­меледі.

Олар соңынан студенттер сұрақ­тарына жауап берді.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары