Енді елімізде құрылыс бекітілген ереже бойынша салынады

Енді елімізде құрылыс бекітілген ереже бойынша салынады

Енді елімізде құрылыс бекітілген ереже бойынша салынады
ашық дереккөзі

Үстіміздегі жылдың тамыз айына дейін  Қазақстанда қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң қолдануына мiндеттi бiрыңғай ережелерін әзірлеу жоспарланып отыр, деп хабарлады «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармаы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы құрылыс және ТҚШ комитетiнiң басшысы Александр Беловичтiң атап өтуiнше, құрылыс салудың аталған ережесi Қазақстанның күллi аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң қолдануына мiндеттi бiрыңғай ережелер мен талаптарды белгiлейтiн болады.

«Ол құрылыстағы барлық процедуралық мәселелердi қамтиды. Бүгiн таңда қалаларда жер телiмдерiн бөлу, аумақта құрылыс жүргiзу бойынша өздерiнiң түрлi ережелерi бар. Ол ережелердiң барлығы бiрыңғайландырылса, бұның барлығы жеңiл болар едi, әкiмшiлiк кедергiлер де азаяды. Құрылыс көлемi де артуы тиiс», — дейдi ол бүгiн ҰКП өткен баспасөз мәслихатында. Маманның айтуынша, жобаға жекелеген ережелерiн енгiзу бiрқатар заңнамалық актiлерге сәйкес түзетулер жасауды талап етпек. Осыған орай алдағы уақытта арнайы заң жобасына түзетулер мен өзгерістер енгізу көзделіп отыр.