ҚАЗАҚ МЕТРОСЫ ҮЗДIК ДЕП ТАНЫЛДЫ

ҚАЗАҚ МЕТРОСЫ ҮЗДIК ДЕП ТАНЫЛДЫ

ҚАЗАҚ МЕТРОСЫ ҮЗДIК ДЕП ТАНЫЛДЫ
ашық дереккөзі
379

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына пайдалануға берiлген Алматы метросы жұртты таң қалдырып-ақ келедi. Жақында америкалық «The Coolist» басылымы әлемнiң метрополитендерi арасындағы үздiктердi анықтағанда, Алматы метросын алғашқы ондықтың қатарына енгiзiптi.

Соңғы заманауи технологияның мүм­кіндігімен салынған Алматы метро­сының Вашингтон, Мәскеу, Тайпей, Париж, Монреаль, Франкфурт, Пхеньян, Нью-Йорк және Стокгольм метроларымен бәсекелесе алатыны қазақ халқына ерекше мақтаныш сезімін ұялатты. АҚШ басылымы аз уақытта осындай дәрежеге көтерілген қазақстандық жас метроның құдыреттілігіне тәнті болыпты. «Құрылысы басталып, ұзақ уақыт тоқтап қалып, 23 жыл уақытта қайта жаңғырған Алматы метросының тұсауы 2011 жылдың 1 желтоқсаны күні кесілді. Әлемдегі ең жас метро өзінің классикалық жаңашыл дизайны арқасында бірден әлемдік үздіктер тізімінен орын алып отыр. Геометриялық өрнектері, жалтыраған едені, бай әспеттелген шамдары – оның бұл мәртебеге лайық екеніне айқын дәлелдер» деп жазыпты. Расында да, Алматы метросы – қазақы нақыш пен ұлттық бояуға тұнып тұр. Тіпті, әр аялдамасы өзінше бір рухани әлемнен сыр шертеді. Бұл шетелден келген қонақтарға қазақ халқының, қазақ ұлтының болмысын паш етеді.

Айтпақшы, жағымды жаңалық бір бұл емес. Қазақстандық «Құлансаз» музы­калық ансамблінің Американың Вашингтон қаласында өткен концерті америкалықтарға ғажайып күй сыйлапты. «Қара­сай», «Қызыл қайың-серпер», «Көрұғлы» сияқ­ты ұлттық аспап­тарда орын­дал­ған күйлер мен ұлттық ән-билер Вашингтон сахнасын жаңғыртып ала кеткен. Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов мәдени шара ая­сында сөз сөйлеп, қазақ­стандық жә­не американдық халықтардың ара­сындағы достықты нығайтудағы мә­дени байланыстардың маңызды­лы­ғына тоқталып, бұл шараның екі ел арасындағы қарым-қатынастың 20 жылдығына арналғанын және Наурыз мейрамын мерекелеудің алғашқы шарасы болып табылатындығын жеткізді.<

br>

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары