Лаңкестер жазаға кесілді

Лаңкестер жазаға кесілді

Лаңкестер жазаға кесілді
ашық дереккөзі
355

Былтыр дүйiм жұртты дүр сiлкiндiрген лаңкестiк әрекеттер жан-жақты тексерiлiп, iс сотқа жiберiлген болатын. Ақтөбе облысы, Шұбарши және Кеңқияқ елдi мекенiнде болған лаңкестiк әрекет кезiнде арнайы жасақтың қызметкерлерiнiң қаза болғанын жазған едiк. Бүгiн iстiң ақ-қарасы анықталып, оған нүкте қойылып отыр.

Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық соты террорлық топтың бес қатысушысына қатысты шешім шығарды. Сот шешімін жария еткен судья Шапағат Әлнияз әуелгі кезде бұл іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке 12 адамның тартылғанын айтады. Алайда соның ішінде террорлық әрекетке нақты қатысы бар деген бесеуі әр түрлі мерзім бойынша жазаға тартылған.

Террорлық топтың ұйымдастырушысы ретінде 20 жастағы азаматқа «Терроризм» бабы бойынша «Заңсыз қару, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар және қаруды заңсыз дайындау» сияқты айыптар тағылды. Ол 13 жылға бас бостандығынан айрылып, өз жазасын қатаң колониялық режимде өтейтін болды. Ал қалған төртеуі «Террористік топ қызметіне араласу немесе террорлық актілерді жүзеге асыру» бабы бойынша 5 жылдан 8 жылға дейін жазасын өтейді. Сондай-ақ олар дайындаған жарылғыш заттарын бұрын сотталған террористерге сатумен айналысқан.

Айта кету керек, сонымен бірге Таразда болған лаңкестік әрекетке қатысты сот процесі жабық түрде жүріп жатыр. Сот лаңкес Мақсат Қариевке көмектескен 5 айыпталушының үстінен жүруде. Сыбайластардың бесеуі де ҚР ҚК-нің 96-бабы (кісі өлтіру), 251-бабы (қаруды заңсыз сақтау) және 233-баптың 2 бөлімі (лаңкестік) бойынша айыпталған. Куәгер ретінде сотқа 48 адам қатысуда.

Жәнiбек ӘШIМ

Серіктес жаңалықтары