АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕСІ АМАНЖОЛҒА БҰЙЫРДЫ

АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕСІ АМАНЖОЛҒА БҰЙЫРДЫ

АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕСІ АМАНЖОЛҒА БҰЙЫРДЫ
ашық дереккөзі
277

12 ақпан күнi Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақтың XX ғасырдағы тұғырлы тұлғасы, аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Республикалық ақындар айтысы мәреге жеттi.

«Қонаевтай ер қайда?» атты екі күнге созылған айтысқа бүкіл республикадан 9 жұп ақын шақырылған болатын. Айтыстың екінші күніне бес жұп ақын іріктеліп алынды. Ақтық сында екі жұп ақын бағын сынап, бірінші орын Аманжол Әлтаевқа бұйырды, екінші орынды Жандарбек Бұлғақовтың қанжығасына байланса, үшінші орынға Айнұр Тұрсынбаева лайық деп танылды, ал Бауыржан Қалиолла төртінші орынға тұрақтады. Бекарыс Шойбеков айтыс демеушілерінің арнайы жүлдесімен марапатталды. Жүлделі ақындарға темір тұлпар табысталумен бірге, айтысқа қатысқан барлық ақынға ат мінгізіп, шапан жапты.

ХХ ғасыр көшбасшысына арналған айтыста айтыскерлер ғана емес, демеушілер де сыйдан кенде болған жоқ. «Д.Қонаев атындағы қордың» арнайы жүлдесі, яғни Д.Қонаевтың фото-альбомы тарту етілді.

16.02.2012

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары