ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ
ашық дереккөзі
320

Жуырда Алматыдағы Д.А.Қонаев атындағы университетте «Д.А.Қонаев және қазiргi таңдағы Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өттi. Конференцияны университет ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмiрәлi Қажыбайұлы Қопабаев кiрiспе сөз сөйлеп ашты. Ол бұл конференцияның мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткiзiлiп отырғанын айта келiп, оның өмiрiнiң қыры мен сырына тоқталды.

Осы университеттің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, академик Едіге Айтжанұлы Түркебаев «Д.А.Қонаев дамыған Қазақстанның фундаментальды экономикасының негізін салушы» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі Молекулярлы биология және биохимия институтының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор Рауза Меңліахмедқызы Қонаеваның «Д.А.Қонаев және қазіргі Қазақстан» атты тақырыпта жасаған баяндамасы жұртшылық көңілінен шықты.

Абай атындағы қазақ ұлттық педа­гогикалық университеттің «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев «Желтоқсан көтерілісі және Д.А. Қонаев» тақырыбында тамаша баяндама жасап, тыңдаушыларға үлкен мемлекет және қоғам қайраткерінің өмір тағдырының мәні мен маңызын ашып берді.

Ұлттық Ғылым академиясының ака­демигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Тәжімұратұлы Баймаханов «Қазақстан ғылымына Д.А.Қонаевтың тигізген ықпалы мәселелері жөнінде» атта баяндама жасады.

Содан кейін жарыссөзге шыққандар Сағади Бөлекбаев, Балтабай Рахымжанов, Көлбай Адырбекұлы, Раушан Кенесарин, Гауһар Нұрасылова және тағы басқалар Д.А.Қонаев сырларының әр қырынан келіп, пікір­лерін ортаға салды.

Университет ректоры Өмірәлі Қопабаев ғылыми-практикалық кон­ференцияға қатысқандарға алғысын білдірді.

«

Түркiстан-ақпарат

»

Серіктес жаңалықтары