«ТҮРКIСТАНДЫҚТАР» – «ТIЛ ЖАНАШЫРЫ»

«ТҮРКIСТАНДЫҚТАР» – «ТIЛ ЖАНАШЫРЫ»

«ТҮРКIСТАНДЫҚТАР» – «ТIЛ ЖАНАШЫРЫ»
ашық дереккөзі
381

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына орай «Тiл жанашыры» қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен мемлекеттiк тiлiмiзге шынайы жанашырлық танытып, нақты iсiмен қазақ тiлiнiң көркеюiне үлес қосқан қоғам қайраткерлерi мен тiлшiлер марапатталған едi.

Осымен үшінші жыл ұйым­дас­ты­ры­лып отырған биылғы марапат ұлттық мәселе аясында пікір білдіргендер, баспасөз, телевизия арқылы қалың көпшілікке әсер ете білген азаматтар және өз қаражатымен қазақ тілі мен мәдениетіне қатысты шараларға демеушілік танытқан меценаттарға берілді.

Осы салтанатты жиында «Тіл жанашыры» төс белгісіне «Түркістан» газетінің тілшілері Есенгүл Кәпқызы мен Динара Мыңжасарқызы да ие болды. Төс белгіні Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахет мырза тапсырды.

Біз әріптестерімізге тіл майданында қаламы мұқалмай, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін төрге оздыру жолында табысты еңбек тілейміз!

Серіктес жаңалықтары