КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ  ЖЕҢІЛДІК
ашық дереккөзі
328

Салық комитетi жеке кәсiпкерлердiң әр тоқсан сайын емес, жылына екi рет салық есептемесiн өткiзу керектiгi туралы ұсыныс жасады. Қаржы министрлiгi салық комитетiнiң төрағасы Дәулет Ерғожин «Елiмiзде 2012 жылдан бастап, жеке кәсiпкерлер үшiн салық есептемесi 40 пайызға азаяды» дегендi мәлiмдедi.

Жаңа өзгерістер туралы Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов: «Жазда Қаржы министрлігіне осындай ұсынысты кәсіпкерлер қауымдастығы жасаған болатын. Бірақ онда жылына бір рет салық есептемесін өткізу туралы ұсыныс болды. Бізде қазір қауымдастықта 2 миллионға жуық кәсіпкер тіркелген. Бұл жаңа өзгерістер жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдік болатын еді. Себебі жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі салық есептемесін қалай тапсыру керек екендігін, өз құқықтары мен заңды білмейді. Сондықтан осындай кемшіліктер сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. Менің ойымша, жылына салық есептемесін 2 рет тапсыру, әрине, қолайлы», – деді.

05.01.2012

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары