БАТЫР БАБА АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ

БАТЫР БАБА АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ

БАТЫР БАБА АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ
ашық дереккөзі
264

Алматының Медеу ауданындағы №131 орта мектеп Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атында. Өткен жылы бұл мектепте оқушылардың есінде қалатын бірнеше іс-шаралар өтті. Солардың бірі жазушы Мамытбек Қалдыбаймен болған кездесу. Бұл кездесу Бауыржан Момышұлының туған күні 24 желтоқсан күні болды. Жазушы батырдың жанында ұзақ жылдар бірге болып, көп әңгіме-дүкен құрған екен. Бауыржан атаның сол ұлағатты әрі қызықты әңгімелерін естіп, көп әсерге бөлендік.

Мектептің оқу істерінің меңгерушісі Бағлан Жанғалиқызы батырдың мәдени және рухани мұраларын насихаттауда өз үлесін қосып келе жатқан жан. Сондай-ақ мектеп ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ғалия Тұрлыбекқызы, биология пәнінің мұғалимасы Күләшхан Майлығұлова, орыс тілінің маманы Гүлсім Нығыметова жазушы естелігінен кейін өз ойларын ортаға салды. Ал оныншы сынып оқушысы, жас бауыржантанушы Ахмет Мәди соңғы жылдары жинақтап жазып жүрген жұмыстарымен жұртты таныстырып шықты.

Үшінші сынып оқушысы, бала ақын Жамбыл Дүйсенов батыр бабаға арнап жазған өлеңдерін оқығанда, залда отырғандар дүркірете қол соғып, қошемет көрсетті.

Кеште Бауыржан Момышұлының баласы Бақытжан сөз сөйлеп, әлі жұрт біле бермейтін тың деректермен таныстырып, оқушыларды әкесі Бауыржанға ұқсап үздік оқуға шақырды. Қонақтар батыр Бауыржан Момышұлына арналған кітапхананы көріп, кітап қорымен танысып шықты.

Жуырда біздің мектепте тағы бір маңызды жаңалық болды. Үлкен спорт кешені ашылып, оқушылар қуанышқа бөленді. Спорт кешенінің ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, мектеп директоры Көлбай Өмешбаевқа кілтін табыс етті.

Тiлеш НҰРМҰХАМЕТӘЛI,

№131 мектеп-лицейдiң

7 (ә) сынып оқушысы.

Серіктес жаңалықтары