393
МЕНШIКТI ТIЛШIМIЗ МЕРЕКЕЛIК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
МЕНШIКТI ТIЛШIМIЗ МЕРЕКЕЛIК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қырғызстаннан бес адам «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерекелiк медалiмен марапатталды. Олар: Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесi, экономика ғылымдарының докторы Тұрар Қойчуев; Қырғызстанның Қазақстандағы бұрынғы елшiлерi Тiлектеш Ишемкулов және Акбар Рысқұлов; «Чуйские известия» газетiнiң бас редакторы Антонина Блиндина мен «Түркiстан» газетiнiң Қырғызстандағы меншiктi тiлшiсi Назарбек Байжiгiтов.
Өткен жұмада Қазақстанның Қырғызстандағы елшiлiгiнде аталған сыйлықты тапсырудың салтанатты рәсiмi өттi. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Бейбiт Исабаев куәлiктердi марапатталғандарға тапсыра келiп, бұл азаматтардың Қазақстан мен Қырғызстанның ортасындағы қарым-қатынасты нығайтуға елеулi үлес қосқанын баса айтты. «Сiздер қазақ пен қырғызды тұтастырған алтын көпiрсiздер, сiздердiң бұдан әрi де екi елдiң достығын шыңдауға қызмет ететiндерiңiзге сенемiн», –дедi мәртебелi елшi.
«Бiз көршi ғана емес, бауырласпыз, сондықтан қырғыз-қазақ әрдайым бiрге болуға тиiспiз», – деп академик Тұрар Қойчуев марапатталғандардың атынан өз ризашылығын бiлдiрдi.