ҚАЗАҚСТАН ЖЕМҚОРЛЫҚТАН 120-ОРЫНДА

ҚАЗАҚСТАН ЖЕМҚОРЛЫҚТАН 120-ОРЫНДА

ҚАЗАҚСТАН  ЖЕМҚОРЛЫҚТАН 120-ОРЫНДА
ашық дереккөзі
349

Transparency International – 1999 жылдан берi әлемдегi мемлекеттердiң жемқорлық индексiн анықтап келедi. Оны 17 талап бойынша, яғни саясаттан бастап азаматтық құқық пен еркiндiкке дейiн тексередi десек, осы көрсеткiште биыл Қазақстан 120-орынды иемденiп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрсеткіші 2,7-ге төмендепті. Былтырғы жылға қарағанда біз 15 пунктті жоғалтып алыппыз. Естеріңізде болса, Қазақстан алғашқы жылдары 84-орынға табан тіреген болатын. Ал 2001 жылы біз 71-орында, 2003 жылы 100-ші, 2004 жылы 122-орыннан табылдық. Есесіне еліміз 2005 жылы өзінің позициясын жақсартып, 102-орынға шыққан-тұғын. Енді міне, биыл 120-орындамыз.

Ал жемқорлық аз тіркелген мемлекеттердің қатарында әдеттегідей Жаңа Зеландия, Финляндия және Дания бар. Ал ең жоғарғы көрсеткіште Сомали, Солтүстік Корея мен Мьянменің аты аталған. Посткеңестік кеңістікте ең қолайлы жағдай қалыптасқан Эстония – 29-орында, Литва – 50-орында, ал Латвия – 61-орында. Бізге көрші жатқан Ресей (143-орын), Қырғызстан (164-орын), Өзбекстан (177-орын) мен Түркіменстанда (177-орын) жағдай тіптен сорақы. Бұл мемлекеттерде жемқорлыққа байланысты деректер көп тіркелген.

22.12.2011

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары