ШАОЛИНЬ САРБАЗДАРЫ – АЛМАТЫДА

ШАОЛИНЬ САРБАЗДАРЫ – АЛМАТЫДА

ШАОЛИНЬ САРБАЗДАРЫ – АЛМАТЫДА
ашық дереккөзі
449

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Ұрыс өнерiн жетiк меңгеру арқылы бүкiл әлемдi тәнтi еткен шаолиндiк сарбаздар Алматыға келдi. Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерейтойы құрметiне орай, отандастарымызға мерекелiк тарту жасауды көздеген аспанасты елiнiң өнерпаздарының театрландырылған бағдарламасын тамашалау – кез келгеннiң арманы. Ұрыс өнерiнiң ежелгi әдiс-тәсiлдерiн жетiк меңгерген Шаолинь сарбаздары Жер шарын шарлай жүрiп, адамзатты жан мен тән тазалығына, адами құндылықтарға үндейдi.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл¬дық мерейтойы құрметіне орай аспан¬асты елінің шаолиндік сарбаздары ал¬матылықтарға өнер көрсетпек. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде үш күн бойы (23-25 желтоқсан) «Әлем жанары» атты тақырыпта концерттік шоу ұйымдастыратын Шаолинь әртістері – бүкіл әлемге танылған топ. Миллиондаған адамның көз алдында таңғажайыптарды тарту еткен Шаолинь монахтары екі аяқты көкке көтерген күйі басымен сағаттар бойы тапжылдмай тұра алады. Мәрмарды қолдарының қырымен шаңға айналдыра алады. Биттің қабығындай жұқа әрі нәзік қытай фарфорының үстімен үнсіз қадам басатын да – солар. Дар ағашындағы тұ¬зақта езуіндегі күлкіні жимаған күйі ұзақ уақыт бойы асылып тұратын сиқырлары көрген жанды тәнті етеді. Голливудты бағындырған қытайлық киноактерлер Джеки Чан мен Джет Ли арқылы әлем танитын және білетін, аты аңызға айналған Шаолинь сарбаздары алматылықтарды күрес тәсілдерінің мүлтіксіз орындалуымен, денені басқарудағы ерекше әдістерімен таң қалдырмақ. Ерік-жігердің күштілігі, сымбаттылық пен сырбаздықтың салтанат құруы, әдемілік пен адами құндылықтардың маңыздылығы олардың әр қимылынан көрініс табады. Ғасырлар бойы бабадан балаға, ұстаздан шәкіртке мирас болған ұрыс салудың ежелгі тәсілдері қарапайым халық үшін құпия сақталып келеді. Қазақстанның ұлық мерекесіне орай Қазақстанға келген шаолиньдік монахтар өздерінің Reversion аталатын жаңа бағдарламасында ұрыс тәсілдерінің құпиясын алғаш рет ашпақ. Цирк өнерінің театрландырылған шоу бағдарламасы – ұмытылмас көрініс, ортағасырлық тарихты санаулы сағаттар шеңберіне сыйдыра отырып, заманауи театрды, технологиялық шоуды және классикалық циркті бір арнаға тоғыстыратын рухани дүние. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ағзаны пендешілік пен күйбең тірліктен тазартуға, жан мен тән саулығын сақтауға үндейтін Шаолинь сарбаздарының жаңа шоу-бағдарламасы кез келгенді бей-жай қалдырмасы анық.

22.12.2011

Серіктес жаңалықтары