ТӘУЕЛСІЗДІК – БАБАЛАР АҢСАҒАН ҰЛЫ АРМАН

ТӘУЕЛСІЗДІК – БАБАЛАР АҢСАҒАН ҰЛЫ АРМАН

ТӘУЕЛСІЗДІК – БАБАЛАР АҢСАҒАН ҰЛЫ АРМАН
ашық дереккөзі
837

Алматы қаласының Орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнiң №4 кiтапханасында бұған дейiн «Айбыны асқақ, тұғыры биiк – Тәуелсiз Қазақстан», «Алматы – тәуелсiздiктiң тал бесiгi» атты кiтап көрмелерi ұйымдастырылған болатын. Кiтапхананың тұрақты оқырмандары арнайы экраннан Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы туралы дайындалған слайд-көрiнiстердi тамашалап, тарихқа терең бойлады.

Тәуелсіздік – мыңдаған жылда бір келетін бақ. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған, халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне – 20 жыл. Осы мерейлі мерекеге орай кітапхана ұжымы «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мұрагерлері» қайырымдылық қоры Ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Хаттар мен тағдырлар» жаңа кітап шығарып, ардагерлерге тарту етті. Осы игі шараның ұйымдастырушысы әрі кітаптың құрастырушысы – Роза Имашқызы Күнирова.

Ал жақында №4 кітапханада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Жұлдызды жиырма күн» айдарымен «Елбасының ерен еңбегімен Арқада бой көтерген әсем қала» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы мен оқырмандар конференциясы болып өтті. Салтанатты кешке Қазақстан Жазушылар одағынан ақын-жазушылар, белгілі тарихшылар, саясаттанушылар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Конференцияда «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы», «Астана – тәуелсіздіктің тұғырлы бесігі», «Тәуелсіз елімнің Ақ Ордасы – Астана» атты баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ «Астана – ел тәуелсіздігінің салтанаты» әдеби қойылымы жиналған көпшіліктің көңілінен шықса, ақындар «Астана десе жүректер жыр төгеді» мүшайрасында жырдан шашу шашты.

№4 кітапхана меңгерушісі С.Иманбаева: «Тәуелсіздік – біздің ең басты мерекеміз. Біз «Жұлдызды жиырма күн» айдарымен түрлі мәдени шаралар өткіздік. Мұндағы мақсат – келешек ұрпақтың Отанға, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық рухын көтеру» – дейді. Шын мәнінде, кітапхана ұжымы осы үдеден шыққан сияқты. Кештің әсерлі әрі мазмұнды өтуіне оқырман жас¬тар мен зиялы қауым өкілдері бір адамдай атсалысты.

22.12.2011

Жәнiбек ӘШiМ

Тоғжан ТӨЛЕГЕН

Серіктес жаңалықтары