ТӘУЕЛСIЗДIК ТУРАЛЫ ШЕТЕЛДІКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

ТӘУЕЛСIЗДIК ТУРАЛЫ ШЕТЕЛДІКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

ТӘУЕЛСIЗДIК ТУРАЛЫ ШЕТЕЛДІКТЕР НЕ ДЕЙДІ?
ашық дереккөзі
200

Қазақстанның даму стратегиясы болашақтың кепілі

Биыл бұрынғы КСРО-ның құ­ра­мы­нан шығып, өз егемендігіне қол жеткізген мемлекеттердің барлығы дерлік Тәуелсіздік мерекесін дүбірлетіп атап өту үстінде. Тәуелсіздік – адам баласына берілген үлкен бақыт. Тәуелсіздікті бағалап, қадір-қасиетіне жете алмасақ, елдігімізге сын. Бұл кез келген азаматтың санасында үнемі жаңғырып тұратын басты қағида болуы шарт.

Бүгінде Тәуелсіздігінің 20 жылдық ме­­рейтойын атап отырған Қазақстан әлемдегі аса қарқынды дамушы елдердің қатарына жатады. Осындай қысқа мерзім аралығында әр түрлі салаларда таңғажайып жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның тәжірибесі көршілес жатқан басқа да мемлекеттерге үлгі болуда. Мәселен бұл туралы Иорданияның Петра университетінің ректоры, Иордания Хашимит Корольдігінің бұрынғы Премьер-министрі, доктор Аднан Бадранның Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дөңгелек үстелде жасаған баяндамасында кеңінен айтып берді.

«Иордания Хашимит Корольдігімен саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз ынтымақтастығымен аса белсенді Қазақстанның 20 жыл ішінде әлемдегі айрықша орынға ие болуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, Қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы кеңестік кеңістікте пайда болған жас мемлекеттің ұтымды экономикалық және саяси даму бағыттары мен тиімді моделін қалыптастыра білді. Осының нәтижесінде, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары көптеген бұрынғы кеңестік респуб­ликалар ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарға душар болып жатқанда, тарихи уақытты үнемді пайдаланып, дағдарысты неғұрлым жылдам еңсеруді қамтамасыз ете алды.

Екіншіден, Қазақстанның моде­р­ни­зациялық тәжірибесінің құндылығы оның қоғамның ең нәзік буыны саналатын әлеуметтік-қоғамдық үндестігін қалыптастыру, азаматтық келісімді, этноконфессияаралық татуластықтықтың әлемде сирек кездесетін жаңа моделін дәріптеп қана қоймай, оны батыл жүзеге асыра алуында. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде айрықша қазақстандық модель ретінде мойындалып отырған бұл тамаша тәжірибе барлық Таяу Шығыс аймағы елдері үшін аса құнды үлгі болып саналады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл саладағы қажырлы қайраты мен баға жетпес еңбегі нәтижесінде Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері үш рет бас қосып, адамзатты толғандыратын өзекті мәселелер төңірегінде келелі пікір алмасты. Алдағы жылы осы форматтағы төртінші басқосуды ұйымдастырудың көзделуі жас Қазақстан мемлекетінің әлемдегі бірден бір толерантты, бейбітсүйгіш бағытын анық айқындайды.

Үшіншіден, қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтік-эконо­ми­калық тұрақтылығы, байсалды сыртқы саясаты, тиімді модернизациялық даму үлгісі, демократиялық-зайырлық қоғам құру тәжірибесі бұл мемлекетті әлемдік және халықаралық дәрежедегі жаңа технологиялар, ірі инвестициялар, әр түрлі салалардағы жетістіктерге негізделген жобаларды жүзеге асыру үшін аса қолайлы елдер қатарына қосты. Қазақстанның бүгінгі күні жүзеге асырып жатқан үдемелі индустриялы-инновациялық даму стратегиясы әлемдегі батыл әрі болашаққа ұмтылған бағдарламалары қатарында саналады.

Төртіншіден, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ядролық қарусыздану ісіне, Семей ядролық сынақтар алаңын жабуға, дүние жүзіндегі төртінші ядролық қару-жарақ қорынан өз еркімен бас тартуға қосқан зор үлесі және осы саладағы Астананың көптеген ұсыныстары Қазақстанның және оның Басшысының әлемдік деңгейдегі тұрақтылыққа, қауіпсіздікке, бейбітшілікке деген мол сенімін айғақтайды.

Бесіншіден, Қазақстан бүгін ай­мақ­тық, халықарлық дәрежеде бейбіт ықпалдасудың тамаша үлгісін танытуда. Қазақстанның айналасы 20 жыл ішіндегі тамаша жетістіктері нәтижесінде әлемдегі БҰҰ-нан кейінгі ірі әрі аса ықпалды Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік Ұйымына, құрамы 3 миллиардтан астам адамды қамтитын Шанхай ынтымақтастық Ұйымына жемісті төрағалығын назарға алуымыз қажет. Ал биылғы жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалығы да жемісті болып отыр десек, артық айтқандық емес. Төрағалығының басында, Астанада Ұйымның атауы өзгерді және жарғылық құжаттарына маңызды өзгертулер енгізілді, Ұйымның тарихында тұңғыш рет мүше елдер келесі төрағалық етуші мемлекетті баламалы сайлау негізінде өткізді. ИЫҰ Қазақстан төрағалығының белсенділігі нәтижесінде барлық ислам үмбеті үшін маңызды да өзекті мәселелер күн тәртібіне шығарылып, талқыланды.

Тәуелсіздігінің небәрі 20 жыл­ды­ғын­да Қазақстанның қол жеткізген үлкен жетістіктері, «ракетаның жылдамдығындай» даму қарқыны, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі аса ірі мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілуі Астананың алдағы кезеңде де бейбітшілік пен тұрақтылықтың тамаша үлгісі ретінде дамитынына сенім ұялатады.

Ал Ислам әлемі ғылымдар ака­де­миясының атқарушы директоры, доктор Муниф аль-Зууби Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған басқосуда Орталық Азияның кіндігінде, бұрынғы Кеңес Одағының евразиялық бөлігінде жаңадан құрылған Қазақстанның айрықша даму моделі мен жемісті трансформациялық стратегиясына оң баға берді. «20 жыл ішінде құрылған елдің жаңа инфраструктурасының, әсіресе мемлекеттің жаңа Астанасының берік негізі қалануының және басқа да тамаша жетістіктерінің куәсі болып отырмыз. Қазақстанның жемісті де қарқынды дамуының басты себептерінің бірі Президент Н.Назарбаевтың білім, ғылым, мәдениеттің дамуына баса көңіл бөлуінде. Қазақстан ғылымының әр түрлі салалардағы тамаша жетістіктері, Елбасының қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолына, мол мәдени, рухани мұрасына ыждаһатпен қарауы осы үрдістің куәсі болып табылады. Нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстан ислам әлемі шеңберіндегі өзіндік таңбасын қалыптастырған, қарқынды әрі демократиялық даму жолын таңдаған мемлекеттер санатында мойындалды. Бұл орайда Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері арасындағы маңызды көпір рөлін атқаруда. Ислам әлемі елдерінің дамушы елдер қатарына қосылуын қолдайтын Қазақстан ол үшін ғылым мен білімді, алдыңғы қатарлы технологияларды дамыту, өнеркәсіп пен техниканы дамытуға, жетік әлемдік технологияларды трансферттеуге батыл шақырады.

Қазақстандағы ұлттар мен ұлыс­тар­дың, әр түрлі діндер мен діни конфессиядардың тілдік, нәсілдік, ұлттық т.б. табиғи айырмашылықтар мен ерекшеліктеріне қарамастан тату-тәтті, бейбіт өмір сүруі де даму моделінің қазақстандық исламдық нұсқасы ретінде қарастыруға негіз береді. Қазақстан халқы Ассамблея­сы атты қоғамдық институттың қалыптасуы, оның конституциялық сипатқа ие болуы, қазақстандық ұлттар мен ұлыстардың елдің заң шығарушы органында өкілдікке ие болуы Таяу Шығыс аймағы елдері үшін ғана емес, әлемнің қақтығыстар мен шиеленістер, ұлттық-діни араздықтар мен қантөгістерге толы көптеген елдері мен аймақтары үшін маңызды тәжірибе болып саналады. Қазақстан халқының 20 жыл аралығындағы айтулы жетістіктері мен жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, алдағы кезеңде де аймақ елдерінің, ислам әлемінің, халықарлық қоғамдастықтың маңызды әрі белсенді мүшесі болып қалатынына сенім білдіремін

.

Әлішер Ауанов

Серіктес жаңалықтары