333
ШАЛҒАЙДАН ЖЕТКЕН ҮШБУ ХАТ!
ШАЛҒАЙДАН ЖЕТКЕН ҮШБУ ХАТ!
Редакциямызға Павлодар облысынан үшбу хат келді. Конверттің ішіне тілдей қағаз бен газетке жазылғандығы туралы түбіртекті қоса салыпты. Тілдей қағазда павлодарлық қарт оқырман Қайыржан Ғалымұлы Галимов «Түркістан» газетінің ұжымына алдағы жылға шығармашылық табыс тілеген екен. Шалғайдан ыстық хат жолдап, өзінің ризашылығын білдірген қарт оқырманның баспасөзге деген құрметіне біз де риза болдық. Сіздердей адал, ақкөңіл оқырмандарымыз барда атқарып жүрген азын-аулақ еңбегіміз елеусіз қалмайды деп сенеміз.
«Түркістан» газетiнiң редакциясы