«БОЛАШАҚ – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ»

«БОЛАШАҚ – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ»

«БОЛАШАҚ – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ»
ашық дереккөзі
265

Кеше Алматыда «Бiлiм – Орта Азия» бiлiм беру орталығы мен «Шеврон» компаниясының ұйымдастыруымен «Болашақ – сенiң таңдауың» деп аталатын балалар мен жасөспiрiмдер арасында ВИЧ ауруының алдын алу жолдары және оған шалдыққан жандарға мейiрiммен қарауды насихаттайтын ақпараттық бағдарлама өттi.

Аталмыш шара Халықаралық СПИД-пен күрес күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жоба авторы Лейла Едігенованың айтуынша, «Болашақ – сенің таңдауың» жобасы «Шеврон» компаниясының қолдауымен Алматыда 2011 жылдың маусым айында басталған. Шара аясында бұл жобаға 400-ге жуық оқушы қатысып, олардан ерікті топтар құрылды. Олар қала мектептерін аралап, өздерінің құрдастарына ВИЧ туралы кеңінен ақпарат берді. Жобаның барысында қала бойынша 4000-ға жуық оқушы арнайы тренингтен өткен. «Оқушылардың ВИЧ жөнінде ақпарат алуына бірден-бір себеп болды. Балалар заманауи жастар қоғамында денсаулық – басты байлық және ВИЧ-ке шалдыққан әрбір адам өз қоғамының толыққанды азаматы болуға құқылы екендігін түсінді», – дейді Лейла Едігенова, «Аурудың алдын алу жолдарын ұсыну мен ВИЧ пен СПИД-ке шалдыққан әрбір адамға көмек қол ұшын беру – «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалары қатарында. Үстіміздегі жылдың мамыр айында компания «Үміт» деп аталатын көркем фильмнің тұсауын кескен болатын. Онда ВИЧ-ке шалдыққан адамдардың өмірінен алынған деректер көрініс табады. Былтырғы жылы компания «Мен өзімді ВИЧ-тен қорғай аламын, ал сен ше?» деп аталатын жасөспірімдер мен студенттерге ВИЧ жөнінде толық ақпарат беруге бағытталған Жастар марафонына қолдау көрсетті», – дейді «Шеврон» компаниясының өкілі Ләйлә Айтмұханова.

Маржан АСАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары