«САМҒАУҒА» ИЕ БОЛҒАНДАР

«САМҒАУҒА» ИЕ БОЛҒАНДАР

«САМҒАУҒА» ИЕ БОЛҒАНДАР
ашық дереккөзі
287

«Самғау» сыйлығы биыл екiншi рет өткiзiлiп отыр. Алматыда өткiзiлген марапаттау рәсiмiнде алты аталым бойынша жүлдегерлер анықталды. «Спорт саласында жеткен жетiстiктерi үшiн», «Әдебиет саласында жеткен жетiстiктерi үшiн», «Белсендi қоғамдық қызметi үшiн», «Бейнелеу өнерi саласында жеткен жетiстiктерi үшiн», «Орындаушылық өнер саласында жеткен жетiстiктерi үшiн», «Қолданбалы өнер саласында жеткен жетiстiктерi үшiн» аталымдары бойынша сыйлықтар табыс етiлдi.

Салтанатты кешке қазақ эстрада­сының өкілдері қатысты. Олардың қатарында: Ескендір Хасанғалиев, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Абдуллин, «Парасат» тобы, т.б. өнер жұлдыздары бар. Екінші рет өткізіліп отырған «Самғау» сыйлығын ұйымдастырушылар «Бауыржан» Қайырымдылық қоры мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы. Алты аталым бойынша берілетін сыйлықтың қаржысы қомақты. Арнайы диплом мен бас жүлде – 500 000 теңгені табыстап, алғыс білдіруге Әсет Мәмбетов, Әлия Юсупова, Дмитрий Петрухин сияқты спорт саңлақтары мен әртістер де арнайы келіпті.

Сонымен, биылғы «Самғаудың» иегерлері кімдер?

«Әдебиет саласында жеткен жетіс­тік­тері үшін» аталымы бойынша екі бірдей лауреат жеңіске жетті. Олар: Нұр­мұхаммед Әбілқасымов пен Эльмира Омарбекова. Қабира Асқарова – «Спорт саласында жеткен жетістіктері үшін» аталымы бойынша бас жүлдені иемденсе, Қалибек Айнажаров – «Бейнелеу өнері саласындағы қызметі үшін» жеңіске жетті. «Орындаушылық өнер саласындағы жетістігі үшін» – Жавдат Ханюков, «Қолданбалы өнер саласында жеткен жетістігі үшін» – Абылайхан Асылбай ие болды. Ал белсенді қоғамдық қызметі бойынша Али Аманбаев бас жүлдені жеңіп алды.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары