ЖАУЫНГЕР РУХТЫ АҚЫННЫҢ ЖЫР КЕШI

ЖАУЫНГЕР РУХТЫ АҚЫННЫҢ ЖЫР КЕШI

ЖАУЫНГЕР РУХТЫ АҚЫННЫҢ ЖЫР КЕШI
ашық дереккөзі
347

Тәуелсiздiк – ұлы жеңiс. Қасиеттi мұрамыздың бiздiң еншiмiзге бұйырғаны қандай бақыт. Осы Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдық торқалы тойына арнап, ақындар жырдан шашу шашып, көкейден туған iнжу-маржандарын оқырмандарына тарту етiп жатыр. Солардың бiрi ақын Биғайша Медеу Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған жырларын тарту еттi.

Ел тарихында елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақын қыздарымыз көп. Ақын Биғайша Медеу «Тудың мені Ұят пен Ар ойлатып, Қабағымда не керек қайғы ойлатып. …Эскимос пен үндіске қарағанда, Отаныңның болғаны қандай бақыт!» ­­­­­­­­­­­­– деген өлең жолдарымен көрерменнің делебесін қоздырып, кешке жиналған жұрттың еңсесін бір көтеріп тастады. Ақынның жалынды жырлары жауынгерлік рухқа толы. Хан Тәңірінің етегінде туып-өскен ақын «Таудың қызы – тауға қарап өседі» деген өлең жолдарынан тау мінезді қазақтың ұл-қыздарының тауға ұқсас байсалдылығын, үлкендігін көрсеткендей болды. Сондай-ақ, жыр кеші ақ боз атқа мініп, аруақ шақырған, қолына найза алып, ел, жер қорғаған батыр аналардың рухына тағзым етуге арналған екен. «Ақын жырлары – Тұмар, Бопай ханшалар мен Гауһар, Айбикедей батыр арулармен қоса, Абылай ханның сегіз жүз ақ боз ат мінген аруларының ерліктерін тілге тиек еткен сәтте жүрегіміз тулап, қанымыз ойнап қоя берді», – дейді көрермендер. Биғайша Медеудің жыр кешінде жас домбырашылар күй тартып, ақындар жырдан құттықтау тілектерін білдірді. Шығармашылық жыр кешін Қазақстан Жазушылар одағы басшысының орынбасары Ғалым Жайлыбай жүргізді. Оразақын Асқар, Айтақын Әбдіқұлұлы және Жанарбек Әшімжан сөз сөйлеп, ақынға алғыстарын білдірді.

Маржан АСАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары