11 ЖАСАР ЧЕМПИОН

11 ЖАСАР ЧЕМПИОН

11 ЖАСАР ЧЕМПИОН
ашық дереккөзі
364

Жансая Әбдімәліктің жасы – 11-де. Бразилияда өткен әлем чемпионатында Жансая өзінің төртінші алтынына қол жеткізді. Бұған дейін де шахматтан шашасына шаң жұқтырмай келген талантты қыз бұл жолы да Бразилияда өткен әлем чемпионатында қарсыластарынан озық екендігін тағы бір дәлелдеді.

Чемпионатқа әлемнің 80 елінен 1230-ға жуық жас жеткіншектер қатысты. Қазақстан атынан аталмыш жарысқа 18 адам қатысқан болатын. Жансая тоғыз партия жасап, оның жетеуінде жеңіске жетсе, екеуін тепе-тең аяқтады.

Қазақстандық танымал шахматшы, ха­лық­аралық гроссмейстр, Азия чемпионы Мұртас Қажығалиев Жансаяның өне­рі­не тәнті екендігін жасырмайды. «Жансаяның біліктілігі, білімінің ерекше екенін мойындағанымыз абзал. Әрбір чемпионатта мұндай жоғары көрсеткішке ие болу тек кәсіби шебердің ғана қолынан келеді. Жансаяның келешегі өте зор, оның мықты шахматшы боларына сенем» дейді.

Жансаяның әлем чемпионатында төр­тінші рет жеңіске қол жеткізуі оңай болмаған сияқты. Оның қарсыластары да осал жандар емес. Оның үстіне Жансая өзінің әлем чемпионатына бір апта бұрын барып, дайындалуына да мүмкіндігі мол болғанын жасырмайды. Қазақстандық жас шахматшы қыздың Орта Азиядағы ерлер мен қыздар арасынан шахмат тарихында ең жас шахмат шебері екендігін әлем мойындап отыр.

Жансая өзінің жеңісін Қазақстан Рес­пуб­­ликасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отыр. Жансаяның шығынын Қазақ-Британ техникалық университеті өз мойындарына алған екен. Жансая 18 жасқа толғанша аталмыш университет оның жол шығынына, барып-келу сапарына демеушілік танытып отырмақ. Сонымен бірге, Жансая аталмыш университеттің болашақ грант иегері. Оны биылғы жылдың шілде айында университет басшылығы өз қолымен табыс еткен болатын.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары