ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ

ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ

ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ
ашық дереккөзі
2250

«Заманымыздың ұлы тұлғасы» деген атпен Республикалық кiтап музейiнде көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Қонаевтың өзi жазған кiтаптары мен Димекең туралы басқа авторлардың шығармалары қойылған.

Көрменің ашылу салтанатына Дінмұхамед Қонаевтың замандастары, ұрпақтары, ізбасарлары келді. Қонаев атындағы халықаралық қор вице-президенті Кеңес Аухадиев, Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің ректоры Көпжасар Нәрібаев, қоғам қайраткері Ізбасар Балтағұлов, Дінмұхамед Қонаевты зерттеп, істерін насихаттап жүрген Ораз Қауғабаев және т.б. қатысты. Ақын Рафаэль Ниязбековтің сиясы кеппеген «Кемеңгер» туындысы, Ораз Қауғабаевтың Дінмұхамед Ахметұлының 100 жылдығына орай шығарылған «Таңғажайып Қонаев» кітабының екінші басылымы Республикалық кітап мұражайына тарту етілді. Мың дана болып жарық көрген кітап Алматы облысына таратылады. Кітап мұражайының ашылуына кезінде Қонаевтың өзі үлкен үлес қосқан. Халқымыздың ұлы, Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына орай биыл Қазақстан бойынша көптеген шаралар, жиналыстар, көрмелер, ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, ал туған күнінде салтанатты жиын өтіп, ас берілмек. Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Кеңес Аухадиев: «Димекең тыныштық заманда ел басқарған. Сол заманда қазақтың экономикасы ерекше өсіп, мәдениетінің гүлденген кезі болатын. Елі сүйетін, елін сүйетін азамат сол еңбегімен абыройға бөленген. Қазір Димекеңнің жүз жылдық тойына жан-жақты дайындықтар өтуде. Былтыр Елбасының тікелей тапсыруымен Димекеңнің өзінің тұрған үйі мұражай болып ашылғалы тұр», – деді.
Жәнiбек ӘШIМ

Серіктес жаңалықтары