АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ  ХАБАРЛАМА
ашық дереккөзі
248

«Түркiстан» Халықаралық газетi» ЖШС 2012 жылғы 15 қаңтарда өтетiн Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына партиялық тiзiм бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан қатысатын, сондай-ақ ҚР қалалық, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға сайлауалды үгiт-насихат материалдарын «Түркiстан» саяси апталығында (бұдан әрi – Газет) жариялауға арналған баспа беттерiн беру талаптары жайында құлағдар етедi.

ГАЗЕТ БЕТТЕРІНЕН ОРЫН БЕРУГЕ

ҚАТЫСТЫ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:

Газет беттерінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін Газеттің меншік иесі мен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына партиялық тізім бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясы қатысатын кандидаттың, сондай-ақ ҚР қалалық, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар арасында үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдарын жариялау туралы жазбаша келісім жасалуы керек. Келісім-шарт пен оған қосалқы құжаттардың үлгісі төменде көрсетілген жазбаша хат ұсынылған кезде беріледі. Кандидат/сенімді тұлғаның келісім-шартқа қол қоюы кандидаттың/сенімді тұлғаның Газеттің баспа беттерінен орын ұсыну туралы келісімді қабылдауы деп танылады, әрі сенімді тұлғаның сайлауалды үгіт-насихат өткізуге байланысты Газет тарапынан көрсетілетін қызметтерді қабылдауға деген келісімі болып танылады.

Жазбаша хатта төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

хаттың тіркелген нөмірі, жазылған күні мен уақыты;

хат ұсынған Кандидат/сенімді тұлғаның толық аты-жөні;

хат ұсынған тұлғаның жеке басын растайтын құжат: кандидаттың/сенімді тұлғаның жеке куәлігі,

кандидаттың/сенімді тұлғаның тиісті мемлекеттік органнан алған куәлігі;

сайлауалды үгіт-насихат материалының жоспарлы көлемі, түрі;

кандидат/сенімді тұлғаның қолы.

Газет жазбаша хаттарды осы Ақпараттық хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап, 2012 жылдың 14 қаңтарына дейін, сенбі мен жексенбі күндерінен басқа барлық күндері сағат 10-00-ден бастап 17-00-ге дейін қабылдайды.

Жазбаша хатпен бірге хат мазмұнында сілтеме жасалған барлық құжаттардың көшірмелері де ұсынылуы тиіс.

Баспа материалдарын жариялау кезегінің тәртібін жазбаша хаттардың келуі тәртібіне қарай Газет бекітеді.

«Түркістан» Халықаралық газеті» ЖШС мекен-жайы:

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143, 6-қабат

Байланыс телефондары:

8 (727) 394-42-57, 8(727)394-4251,

факс 8(727)394-41-80

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын ұсыну тәртібіҮгіт-насихаттық баспа материалдары Газетке Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 3 тармағының 28 бабында көзделген көлемде, Газеттің меншік иесімен басылымнан орын беру туралы келісімге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен ұсынылады. Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке модуль немесе мақала түрінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке шығатын күнінен 3 (үш) жұмыс күн бұрын беріледі.

Егер үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарында Конституциялық тәртіпті күштеп өзгертуге шақыру, Республиканың бүтіндігін бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлтаралық, діни, тап аралық және руаралық араздықты қоздыру, зұлымдық пен зорлық-зомбылықты дәріптеу, сондай-ақ, заңда көзделмеген әскери құрылымдар құру ниеті бар деп тапса, немесе заңда көзделген өзге де негіздерді есепке ала отырып, Газет үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Газеттің баспа бетіндегі орынның төлемақысы мен оны төлеу тәртібі

Үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдар үшін басылым бетінен орын беру ақысы төмендегідей:

«Түркістан» Халықаралық саяси апталығы:

1040 (бір мың қырық) теңге – журналистік мақалалар жарияланған беттерде модуль орналастырудың әрбір 1 шаршы см. үшін қосымша құн салығын қосқанда;

1040 (бір мың қырық) теңге – журналистік мақалалар жарияланған беттерде мақала орналастырудың әрбір 1 шаршы см. үшін қосымша құн салығын қосқанда.

Басылым бетінен орын беру үшін төленетін ақы сомасын тиісті сайлау қоры/сенімді тұлға 100 пайыздық алдын-ала төлеммен аударуы тиіс.

Алдын-ала төлем Газет ұсынған есеп қағазы негізінде, есеп қағазы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) операциялық күннің ішінде төленеді.

Төлем Газеттің басылымнан орын беруі туралы тиісті келісім-шартында көрсетілген банктік реквизиттері бойынша немесе есеп-шоты бойынша төленеді.

24.11.2011

Серіктес жаңалықтары