«ЭЙР АСТАНА» ЖАҢА БАҒЫТТАР АШПАҚ

«ЭЙР АСТАНА» ЖАҢА БАҒЫТТАР АШПАҚ

«ЭЙР АСТАНА» ЖАҢА БАҒЫТТАР АШПАҚ
ашық дереккөзі
406

Қазақстанның жетекшi әуетасымалдаушысы «Эйр Астана» Азия аумағында өз ұшу географиясын кеңейте түсуде. Әуетасымалдаушы Алматыдан Бангкокқа және Куала-Лумпурға ұзақ рейстердiң жиiлiгiн желтоқсан айынан бастап көбейтудi қолға алмақшы.

Мұнымен қоса 2012 жылдың басынан Гонгконгқа бағытталған тұрақты рейс пен қыс маусымында Вьетнам қаласы Хошиминге жаңа рейс ашылады. Бір айта кетерлігі, алыс шетелге қатынайтын рейстер жатын орындармен және KCTV дербес ойын-cауық жүйесімен жабдықталған. Сізге деген бұл жайлылықты «Боинг 757/767» ұшақтары ұсынатын болады. Алматыдан рейстер аптасына 5 мәрте, Делиге 4 және Куала-Лумпурға 3 мәртеге дейін көбейеді.

Алматыдан Гонгконгқа қаты­найтын жаңа бағыт 2012 жылдың ақпанынан жұмасына екі рет, ал 2012 жылдың қарашасынан Алматыдан Хошиминге маусымды бағыт орындала бастайды. «Эйр Астана» әуекомпанияның президенті Питер Фостер: «Қазақстан мен Азия елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және туристік қарым-қатынастар және Алматыға Орталық Азиядан қатынайтын ыңғайлы бағыттар бұл аймақтағы жолаушы легінің өсуіне себепкер болады», – дейді. Ол сондай-ақ қазіргі бағыттардағы жиіліктің артуы мен 2012 жылы Гонконг пен Хошиминге жаңа рейстердің ашылуын «Эйр Астананың» ұзақ мерзімді стратегиялық дамуына жатқызады. Қазіргі кезде «Эйр Астана» 25 әуе кемесіне ие, оның ішінде екі Boeing 767, төрт Boeing 757-200, он Airbus A321/A320/A319, үш Embraer E190 және алты Fokker 50. Ал бесінші Boeing 757 үстіміздегі жылдың желтоқсанында «Эйр Астана» әуепаркіне қосылады. Әуекомпания 22 ішкі және 27 халықаралық бағыттарға ұшу қызметін орындайды. Естеріңізге сала кетейік, елімізде және ТМД-да ұшулар орындап жүрген Embraer 190 екі ұшағы 2011 жылдың бірінші жартысында жеткізілген болатын. Барлық үш ұшақ операциялық лизингке алынған. Бұл ретте 2011 жылдың ортасында «Эйр Астана» әуекомпаниясы және Embraer авиақұрылыс концерні екі Embraer 190 авиалайнерін сатып алу туралы келісімге қол қойды. Сонымен, 2012 жылға дейін бразилиялық авиалайнерлер саны алтауға дейін жетеді.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары