СЫМБАТТЫ КЕЛІНДЕРДІҢ САЙЫСЫ

СЫМБАТТЫ КЕЛІНДЕРДІҢ САЙЫСЫ

СЫМБАТТЫ КЕЛІНДЕРДІҢ САЙЫСЫ
ашық дереккөзі
408

Өткен аптада Талдықорған қаласында «Келіндер – отбасының болашағы» атты форум өтті. «Отбасы – шағын мемлекет» деген қағиданы есте ұстаған ақсақалдар келін тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенді дұрыс деп есептейді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бала тәрбиесін балабақшадан емес, тал бесіктен бастау керек, жаһандануға қарсы күресу емес, оған бейімделуді ойлау керек, тілімізді, дінімізді, ділімізді, әдет-ғұрпымызды сонда ғана сақтай аламыз», – деген болатын. Осыған сәйкес облыстық Ардагерлер ұйымы «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты бағдарлама жасап, 2008 жылдан бастап барлық мектептерде сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткізіп келеді.

Халқымыздың салт-дәстүрлеріне сай ұрпақ тәрбиесінде аға буын қариялардың белсенділігін, жауапкершілігін арттыру үшін 2006 жылы «Әжелер – отбасының берекесі», 2008 жылы «Атадан ұлағат» атты қариялардың облыстық форумдары өткізілді. Соның заңды жалғасы ретінде өткен келіндер басқосуына аудан, қалаларда өткен байқауда үздік шыққандар қатысты.

Басқосу барысында келіндер түрлі аталымдар бойынша сынға түсіп, ұлттық дәстүрге негізделген келіндік міндеттерін білуде бақ сынасты. Қазылар алқасы жас келіндердің өнеріне, киім үлгісі мен әдептілігіне баға беріп, жеңімпаздарды анықтады.

Бас жүлде Текелі қаласынан келген Жанат Ботантаеваға беріліп, сыйлыққа компьютер ұсынылды. 1-ші орынға Қаратал ауданының өкілі Шынар Дүйсенбекова лайық деп танылды. Сонымен қатар, басқа да жүлделі орындар мен «Сымбатты келін», «Үлгілі келін», «Өнерлі келін», «Сырлы келін» секілді түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Г.Тұрғанбайқызы

Талдықорған қаласы

Серіктес жаңалықтары