«ТҮРКІСТАННЫҢ» АВТОРЫ – ЖҮЛДЕГЕР

«ТҮРКІСТАННЫҢ» АВТОРЫ – ЖҮЛДЕГЕР

«ТҮРКІСТАННЫҢ» АВТОРЫ – ЖҮЛДЕГЕР
ашық дереккөзі
177

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң қолдауымен «Қазақстан Қажылық қоры» Исламдық инвестициялық қоры мен «Жас Отан» Жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен «ИСЛАМ және БЕЙБIТШIЛIК» атты журналистердiң шығармашылық байқауының жеңiмпаздары марапатталды.

Қоғамдық ойды қа­лып­тастырушы бұқа­ра­лық ақпарат құ­рал­дары өкіл­де­рінің жұ­мы­сын жетілдіріп, шы­ғар­ма­шылықтарын шыңдау мақ­сатында жаңаша жобалар ұсынудың маңызы артуда. Ал Қазақстан Республикасының биыл Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі журналистердің діни тақырыптар аясындағы білімдерінің артуына себепші болып отыр. Олар ислам дінінің ғылымның бар­лық салаларын түгел қам­титындығына көз жет­кі­зіп келеді.

«Қазақстандағы ислам қаржысы: құрылуы мен даму үдерістері»; «Исламдық туризм»; «Қазақстандағы халал өндірісінің дамуы» – тақырыбына қалам тербеген тілші қауымы арнайы дип­ломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың ішінде газетіміздің тұрақты авторы Гүлжан Сыдықова «Несібесіз несие», «Қарыз кү­ліп келіп, жылап кетеді», «Несібе мен несие», «Ұсыныс пен ұмтылыс», «Пайыз бен парыз» мақалалары үшін І орынды иемденді. Ал бас жүлдеге Жетпісбай Бек­бо­лат­ұлы, ІІ орынға «Алаш ай­насы» газетінің тілшісі Қар­лығаш Сайлаубаева мен «Жас қазақ» газетінің тіл­ші­сі Серікбол Хасан қол жет­кізді.

Серіктес жаңалықтары