Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

БЕЛГІЛІ ПИАНИСТ – АЛМАТЫДА

Алматыға белгілі Американ пианисі Даиэл Поллак келмек. Нью-Йорк Филар­мо­ния­сының сахнасына 9 жасында шыққан өнерпаз кейін әлемнің ең ұлы сахналарында АҚШ-тың белді деген оркестрлерімен бірге өнер көрсетті.

«Нью-Йорк таймс» газеті «Пианизмнің алтын ғасырының соңғы өкілдерінің бірі» деп айдар таққан Поллак Мәскеудегі Чайковский байқауының ал­ғашқы (1958 ж.) жүлдегері ретінде белгілі. Ол КСРО мен Ресейде талай рет өнер көрсеткен, «Мелодия» фирмасында туындыларын жазғызған. Осы аптада, нақтырақ айтқанда, 12 қараша күні Поллак Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясының Үлкен концерт залында Қазақстандағы жалғыз кон­цер­тін қоймақ. Кеште Ф. Шопеннің, Ф. Лис­т­тің, К. Дебюссидің, С. Барбердің туынды­лары орындалады. Сондай-ақ Поллак Алматыдағы өнер ұжымдарында шеберлік са­бақтарын өткізіп, Халықаралық пианистер байқауында төрелік етеді.

10.11.2011

Мұхтар МҮЛКАМАН

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button