«КӨКТАЛДА» – ҰРЫСТА ТҰРЫС ЖОҚ

«КӨКТАЛДА» – ҰРЫСТА ТҰРЫС ЖОҚ

«КӨКТАЛДА» – ҰРЫСТА ТҰРЫС ЖОҚ
ашық дереккөзі
203

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Әдiлбек Жақсыбеков Құрлық әскерлерiндегi қорытынды сынақтар барысын бақылады.

«Көктал» оқу полигонында Құрлық әскерлерінің бас қол­бас­шысы генерал-лейтенант Мұрат Мәй­кеевтің жетекшілігімен әскер түрі басшылық құрамының төрт күн­дік оқу-әдістемелік жиыны өтті. Жи­ынның мақсаты жедел және жау­ынгерлік әзірлікті заманауи талап­тар­ға сәйкес одан әрі жетілдіру және жү­ргізу болып табылады.

Бүгінде Құрлық әскерлерінің жау­ын­герлік дайындығы ел қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін тапсырмаларды шешуге кепіл болады. Бұл жерде негізгі күш елді мекендердегі, да­лалық және таулы жерлердегі заң­сыз қарулы құрылымдардың көзін жо­юға жұмылдырады.

Қорғаныс министрі сынақтардың қо­рытындысы шығарылған күні ро­талық-тактикалық жат­ты­ғу­лар­дағы тәжірибелік сабақтарды ба­қы­лады. «Көктал» полигонында мо­тоатқыштардан, аэроұтқыр және ар­тиллериялық бөлімшелерден құ­рал­ған роталық тактикалық топ ар­миялық авиацияның қолдауымен таулы аймақты қорғап, шартты лаңкес­тер құрамын қоршауға алып, олар­дың көзін жойды.

Жаттығуларды өткізу барысын­да жау­ын­герлік реттілікке, ату жүйе­сіне, ай­мақ­тағы инженерлік құ­рыл­ғыларды сауатты пайдалануға, сон­дай-ақ жауынгерлік қимылдарға ай­рық­ша мән берілді.

– Әскери қызметшілер жоспар­лау және күштерді қолдануда жақсы тә­жірибе алды, – деп атап өтті Қор­ға­ныс министрі. – Қалада және таулы аймақта ұрыс жүргізудің өзіндік қи­ыншылықтары бар. Бұл жау­ын­гер­лерден тәжірибе мен әртүрлі әдіс­тер­ді талап етеді.

Қорғаныс министрі Әділ­бек Жақсыбеков жеке құ­рам­ның тактикалық тә­жі­рибелерін дә­лелдеген жат­ты­ғудың қо­ры­тын­дысына қа­на­ғат­та­на­тын­ды­ғын жет­кізді.

Аталған жаттығу әлем­дік же­тек­­­­­­ші держава­лар­­­дың жауынгерлік іс-қи­мылдары мен шетелдік ар­мия­лар­­дың жауынгерлік дайындығына те­рең талдау жүргізе отырып өт­кізілді. Құрлық әскерлерінің бас­шылығы атап өткендей, мате­ма­тикалық модельдеу жүргізіліп, қа­шық­тық және оқ-дәрілердің саны есеп­телді.

Жиынның маңызды бағыты ре­тінде бөлім командирлері мен олар­дың орынбасарларының кәсіби бі­лік­тілігін тексеру болғанын атап өт­кен жөн. Құрлық әскерлерінің бас­шы­лық құрамы тактикалық және ар­найы тактикалық дайындық бой­ынша сынақ тапсырды. Дене­шы­нық­тыру бойынша да офицерлер өз нормативтерін бағындыра алды.

Ағымдағы жылдың қоры­тын­дысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Үздіктер мақтау грамоталарымен, алғыстармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жедел-әдістемелік жиын Қор­ға­ныс министрінің 2012 жылдың тап­сырмаларын айқындауымен аяқ­тал­ды.

– Сіздерді жиынның сәтті аяқ­та­луымен құттықтаймын, – деді Қор­ғаныс министрі. – Сіздер де жау­ын­герлік оқу нәтижесіне, әскери тәр­тіп, қару-жарақ пен әскери тех­ни­каның, бір сөзбен айтқанда, Қарулы Күш­тердің жауынгерлік қабілетіне қа­тысты терең түсінік қалыптасты деп ойлаймын.

10.11.2011

Оксана ПАРПУРА

Серіктес жаңалықтары