«АЛТЫН ЖҮРЕК» ИЕЛЕРІН ТАПТЫ

«АЛТЫН ЖҮРЕК» ИЕЛЕРІН ТАПТЫ

«АЛТЫН   ЖҮРЕК» ИЕЛЕРІН ТАПТЫ
ашық дереккөзі
164

Жыл сайынғы «Алтын жүрек» сыйлығы биыл 5 — рет ұсынылып отыр. Елiмiзде қайырымдылықты кеңiнен насихаттайтын аталмыш сыйлық биыл 11 номинация бойынша өз қаһармандарына жол тартты. Сыйлық дархан даламызда «жетiмiн жебеп, жесiрiн жылатпай», қолында барымен бөлiсiп жүрген алтын жүректi азаматтарға арналған.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, Голливудта Do Something Awards және ең алғаш Парижде ұсынылған Golden Heart сынды қайырымды жандарға арналған сыйлықтар бар. Біздің «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығы да мәні мен ұйымдастырылуы жағынан сол халықаралық сыйлықтардан кем түспейді. Сараптау кеңесі Қазақстанның ең қайырымды жанын анықтау өте қиын болғанын айтады. Өйткені сыйлыққа ұсынылғандардың арасында өзінің азғантай зейнетақысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсап отырған қарттар да, миллондаған қаржыға әлеуметтік жобаларды іске асырып отырған меценаттар да бар. Қазылар мұқтаж жанға қол ұшын берген азаматтардың шынайы пейілін бағалауды басты назарға ұстаса керек. «Алтын жүрек» рахметтің бір түрі. Cіз алтын жүректі алсаңыз, сізді басқа адам үшін үлгі боласыз. Менің ойымша, «Алтын жүрек» Қазақстанда қайырымдылықты дамытуға өте үлкен үлес қосып жатыр»,–дейді «Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Жұлдыз Омарбекова.

03.10.2011

Маржан КЕҢЕСБАЙ

Серіктес жаңалықтары