АУЫЗ СУҒА ҮШ ЖЫЛДА –33 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

АУЫЗ СУҒА ҮШ ЖЫЛДА –33 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

АУЫЗ СУҒА ҮШ ЖЫЛДА –33 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
ашық дереккөзі

Оның нәтижесі қандай?

Оңтүстік Қазақстан облысының «Даму» және Республикалық «Ақбұлақ» бағдарламалары бойынша 2011–2015 жылдары аталған өңірдегі елді мекендердің ауыз су жүйесін жетілдіруге 92,35 миллиард теңге қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаржылар облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінуде. Соның нәтижесінде 388 елді мекенге су құбыры тартылып, облыстағы барлығы 900 елді мекен 100 пайыз сапалы құбыр суымен қамтылатын болады.

Бүгінгі күні өңірдегі 900 елді мекеннің 512 сі немесе 57 пайызы ауыз суды құбырдан тұтынады. 231 елді мекен немесе барлық ауылдардың 25,8 пайызы ауыз суды құдықтан ішсе, 77 елді мекен (8,5 пайызы) ұңғы суынан, 62 елді мекен (6,8 пайызы) ашық су көздерінен, 18 елді мекен (2 пайызы) бұлақ суын пайдаланады.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауыз су сала­сына ерекше көңіл бөліп отыр. Оның тікелей ұсынысымен 2011 жыл «Ауыз су» жылы болып жарияланды. Осы шараның аясында ауыз су саласындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Биыл бұл бағытқа республикалық және облыстық бюджеттерден 17 601 миллион теңге қаралды.

Жыл соңына дейін 327 шақырым ауыз су құбыры жүргізіліп, 70 елді мекендегі ауыз су нысандары пайдалануға беріледі. 320 мыңға жуық тұрғын қосымша таза құбыр сумен қамтамасыз етіліп, құбыр суы бар елді мекендер саны 582 құрайды. Бұл облыстағы 2 миллион 500 мыңнан астам халықтың 1 миллион 882 мыңынан астамы немесе 78 пайызы ауыз суды құбыр арқылы тұтынады деген сөз.

Жалпы, соңғы 3 жылда, яғни 2009-2011жылдары облыста ауыз суға 33 миллиард тенге қаржы қаралып, 170 елді мекендерде ауыз су нысандары пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 753 мыңнан астам тұрғын қосымша таза құбыр сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Бақытжан ӘБДIРАШҰЛЫ