ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИIМ ҮЛГIЛЕРI

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИIМ ҮЛГIЛЕРI

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИIМ ҮЛГIЛЕРI
ашық дереккөзі
302

Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасы сән шеберлерi арасында мұсылман қыз-келiншектерге арналған заманауи, қазақы нақыштарымен әрленген, шариғат талабына сай киiм үлгiлерiн жасап шығарудан бес айға созылған республикалық «Әсем киiм — әйел көркi» байқауының қорытындысын жариялады.

Мұсылман қыз-келiншектерге арналған ұлттық нақыштағы заманауи киiм үлгiлерiне жарияланған республикалық «Әсем киiм — әйел көркi — 2011» байқауы жеңiмпаздарының жұмыстары мынадай бiрқатар талаптар бойынша iрiктелген: бiрiншiден, шариғат талаптарына сай болуы тиiс; екiншiден, киiм үлгiлерiнде қазақ халқының ұлттық нақыштары көрiнiс табуы керек; үшiншiден, бүгiнгi заман эстетикасы мен талғамына сай болуы шарт; төртiншiден, киiм үлгiсi көрiктi және қоғамдық орындарда күнделiктi киiп жүруге жеңiл әрi ыңғайлы болуға тиiс. «Мейiрiмдiлiк жолы – 2010» қоғамдық қорының бас демеушiлiгiмен өткiзiлген байқаудың бас жүлдесiне «Ерке-Нұр» сән үйiнiң киiм үлгiлерi лайық деп танылды. Оның президентi Фарида Мерхамитқызы бас бәйге – 750 мың теңге жүлде мен арнайы дайындалған сый-сыяпаттарымен марапатталды. Жалпы саны 70-ке жуық сән үлгiлерiнiң iшiнен оза шапқан «Гүлжан Ырыс» сән театры – I орынды, Зүлфия Ақтаева мен Ғалия Қайдауылқызы – II орынды иеленсе, Назгүл Семғалиева мен Тоқжан Рымбаевалар III – орынға табан тiредi. Сонымен қатар, байқауға қатысқан бес дизайнер – Айша Кеңесбай, Динара Парманова, Индира Биртубаева, Досжан Гүлқайша, Фатима Бизақова ынталандыру сыйлықтарына ие болды. «Ұлттық айшықтағы заманауи киiм үлгiлерiн тiктiру арқылы тек мұ­сыл­­маншылыққа бет бұрған қыздардың мәселелерi шешiлiп қана қоймайды. Сонымен бiрге қазақылығымызды насихаттауға, нығайтуға үлкен мүмкiндiк болады. Бұл арқылы ең әуелi бiз қыздарымызды қазiр жаһанды жайлап жатқан жалаңаштану сая­сатынан сақтап қаламыз. Ұлттығымызды сақтап қалудың бiр жолы – ұлттық киiмде­рiмiздi кеңiнен насихаттау. Тек насихаттау емес, оны күнделiктi өмiрде киiп жүру. Дiни басқарманың қолға алып отырған iсi кешегi жоғалтқан құндылықтарды қайта жандандырудың, мұсылмандық парызымызды орындаудың әрекетi. Осы шара арқылы иманын ойлаған аяулы қара көздердiң киiм жайлы мәселелерiн шешуге үлес қосқан болсақ, мақсатымыздың орындалғаны», – дедi Бас мүфти байқаудың қорытынды кешiнде сөйлеген сөзiнде

27.10.2011

Маржан КЕҢЕСБАЙ

Серіктес жаңалықтары