ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛМАҚ

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛМАҚ

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ  АШЫЛМАҚ
ашық дереккөзі
179

«Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Қызылорда облыс­тық әкiмдiгiмен бiрлесiп, Қызылорда қаласында «Биз­нестiң жол картасы – 2020» бағ­дарламасының жүзеге асуы бойынша аралық нәтижелерi» тақырыбында семинар-кеңесiн ұйымдастырды.

Жиын барысында қызылордалық кәсiпкерлер бiр арада топтасқан бағдарламаны жүзеге асыруға қатысы бар барлық мекеме өкiлдерiнен «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ауқымды ақпарат және қажеттi кеңестер алып, өздерiне несиелеу жүйесi ыңғайлы талаптарға ие банктердi таңдау мүмкiндiгiне ие болды. Сондай-ақ, осы жиында Қызылорда облысының кәсiпкерлерi көкейлерiнде жүрген iскерлiк байланыстарды арттыруға және тұтыну нарығының аумағын кеңейтуге, әрi бизнеске қызмет көрсетудiң қолдауына бағытталған сұрақтарына да жауап тапты.

Жалпы алғанда, бүгiнгi күнi «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы кәсiпкерлердi қолдаудың нақты құралы ретiнде танылып, оған деген бизнес-қауымдастықтың сұранысы күткендегiден де асып түскендiгiн атап өтуге болады. Аса маңызды бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша сомасы 71,2 млрд. теңгенi құрайтын несие бойынша барлығы 409 субсидиялау келiсiм шартына қол қойылған және құны 4,2 млрд. теңгенi құрайтын 18 кепiлдендiру келiсiм-шарты жасалған. Одан бөлек «Кәсiпкерлiк секторды сауықтыру» бағыты аясында 92,3 млрд. теңге көлемiндегi несиелер бойынша 115 субсидиялау келiсiм-шарты жасалған. Ал бағдарламаның үшiншi бағыты бойынша барлығы 38,5 млрд. теңгенi құрайтын несиелер бойынша 47 келiсiм-шарты жасалып, банктiк несие бойынша пайыздық ставкалар субсидиялануда.

Қызылорда облысы бойынша бағ­дарламаның жүзеге асуынан бастап, барлық саны 23 өтiнiмдi құрайтын отандық кәсiпкерлердiң жобалары аймақтық үйлес­тiру кеңесiмен мақұлданған. Банк­тен алынған несиенiң пайыздық ставкасы бойынша субсидиялау 8 кәсiпкердiң 10 жобасы бойынша төленуде. Бiр жоба бойынша 4,2 млн. теңгенi құрайтын «Даму» қорының кепiлдемесi берiлген. Мақұл­данған жобалар бойынша қарыз портфель сомасы 2 млрд. теңгеден асады, сонымен қатар 17 млн. теңге көлемiндегi қа­ражат отандық кәсiпкерлер үшiн банкке төленген.

Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша келiсiм-шарттардың басым бөлiгi Қарағанды облысында жасалған 70 жоба, Ақтөбе облысы бойынша 61 келiсiм-шарт жасалған, Павлодар облысы бойынша – 54 келiсiм-шарт, Алматы облысы бойынша – 48 келiсiм-шарттар жасалған.Қорыта келгенде, бағдарламаның бар­лық үш бағыты аясында 32 000-нан астам жұмысшысы бар 589 кәсiпорынға қолдау көрсетiлуде. Айта кету керек, бұл жобалардың жүзеге асуы нәтижесiнде 18 000-нан астам қосымша жұмыс орны ашылады деп күтiлуде.

27.10.2011

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары