ТЕРРОРИЗМНIҢ түп атасы қайда?
ТЕРРОРИЗМНIҢ түп атасы қайда?
Сол жарылыс өткесiн көп ұзамай телеарнада дөңгелек үстел өттi. Сонда белгiлi саясаткер Глеб Павловский жарылысты ислам террористерi жасады деп көзiмен көргендей өзеуреп отырған екеуге қарап, сабырмен ғана: «Исламда тiптi, «терроризм» деген ұғым жоқ» дегенде анау екеуi бiразға шейiн сiлтiдей тынып қалғаны әлi көз алдымызда. Шынында да күллi мұсылман халқының басты идеологиясы болып есептелетiн және ең әуелi араб тiлiнде түскен қасиеттi Құранда «терроризм» түгiл бейбiт адамдарға қарсы, жалпақ адамзат баласына қарсы ажал түрлерiн жасау туралы бiр ауыз сөз жоқ.
«Жалған дүние», «опасыз жалған», «сұм дүние», «дүние қызыл түлкi бұлаңдаған!».Осылай деп небiр жеккөрiнiштi ат қойып, қамшы сабындай ғана кеп-келте қу тiршiлiгiнiң өзi алуан-алуан азапқа салып, мың құбылған мазағына душар етiп жатса да адам баласы осы фәни-жалғанды өлердей сүйедi. Онсыз да жалған осынау дүниедегi барды –жоқ, жоқты – бар деп, болмағанды – болды, болғанды – болмады деп, зорлық пен қорлықты әдiлдiк деп бүкiл өтiрiк, бүкiл жалғандықты адамдардың өздерi жасайды. Жалғандық та – адам жасампаздығының бiр жемiсi. Керек десеңiз, әлем әдебиетiне, әлем мәдениетiне зор үлес қосқан деп атақ-даңқы алты қабат аспан астына жайылған ақын-жазушылардың да, ғұлама ғалымдардың да «айы мен күнi оңынан туған» кез-келген сәтте «бұты беш тиын», яғни олардың да жалғаншы екенiн қас-қағымда дәлелдеп шығуға болады. Ол ендi әдебиет, өнер, ғылым ғой. Ал сонау әл мисақтан тамыр тартып, одан бермен қарайғы тiршiлiк атаулыны таратып, таразылап отырған Тарих ақсақалға қалай қарайсыз? Сол ақсақалдың кешелi-бүгiнгi жазып-сызып, айтып келе жатқандарының бәрi шындықтың шырқау шыңы ма? Солай болса, болар-ау. Әйтсе де, адам-пенде сол тарих-ақсақалдың да жазған-сызғандарының өзiн әлгi айтылған «жалған дүниенiң» жауыздық деп аталатын ең бiр ажырамас бөлшегiне айналдырып жiбергенi тағы да жалған емес.
Қазiр жер бетiндегi алпауыт мемлекеттер, әсiресе, Америка, Батыс Еуропа мемлекеттерi, Израиль және Ресей жиi қолданатын «терроризм», «исламизм» деген термин сөз бар. Оны кейiнгi жылдары осы алпауыт елдердiң қас-қабағына қарап, солардың ығына жығылуға бейiм, өздерiн тәуелсiздiк алдық деп жариялаған кей мемлекеттер де қайталауға құмар екенiн көрiп жүрмiз. Тiптi, жоқ терроршыларды қолдан жасап, солармен, ислам дiнiмен күресiп жатырмыз деп, АҚШ пен Батысқа «отчет» берiп отыратындар да бар деп естимiз. Олар әлгi алпауыт мемлекеттерге бiз де террористермен, исламистермен күресiп жатырмыз деп жағыну үшiн солай iстейдi. Бұндай мемлекет шонжарлары осы дүрмекке ерiп, өз елiнiң iшiнен «террорист», «исламист», «экстремист», «уақхабист» деген неше түрлi «исттердi» iздеп-табатын болды. Бiр таңғаларлығы, әлгi «экстремист», яғни, болашақ «террористi» қолға тiрiдей түсiрмей, сол жерде атып тастайды. Соған қарап, бұл да сол «жалған дүниенiң» бiр жалғандығы емес пе деген күмәннiң құлағы көкейiңде қылтияды да тұрады.
Ал ендi сол «терроризмнiң» арғы ата-бабасы, түп-төркiнi қайда жатыр деп ойлайсыз? Бұл жерде жетпiс жылдан астам уақыттан берi Израиль мен араб елдерi арасында болған, болып та жатқан небiр қансоқта уақиларға тоқталмау еш мүмкiн емес. Ал алақандай шап-шағын Израильдi жер көлемi жағынан да, халқының саны жағынан да он орап алатын араб елдерiне үздiксiз шабуылдатып, дүркiн-дүркiн арабтарды қырғызып қойып отырған әуелi АҚШ пен Англия, қала бердi өзге де Еуропа мемлекеттерi екенiн ғалам бiледi. Бiрақ АҚШ та, Англия да, әлгi Еуропалық елдерде тұратын сионист ақпаратшылар да осының бәрi арабтардың террористiк, исламистiк, жиһадшылық, қысқасы арабтардың жауыздық әрекеттерiне қарсылық деп әлем жұртшылығын алдаумен келедi. Бұл да «дүния-жалғанның» ең бiр қиянатты жалғандығы болар, сiрә!
2001 жылы 11-шi қыркүйекте Нью-Йоркте көп қабатты қос ғимарат жарылды. Сол бойда «бұл ислам терроршыларының iстегенi» деген ақпарат бүкiл әлемге күндiз-түнi қайта-қайта таратылып жатты. Бiраз адам өлдi. Ал нағыз қанқұйлы террорлық ұйымдарды сонау ХХ ғасырдың бас кезiнде сионист еврейлер ойлап тапқан болатын. Мысалы 1908 жылы Филастинге (Палестинаға) қоныс аударып келген олар «Бар–Гиора» деген шағын-шағын қарулы топтар құрды. Ал 1909 жылдың сәуiрiнде осы ретпен «Гашомер» деген террорлық ұйым құрылды. Одан 1921 жылы Дүниежүзiлiк Сионистер Ұйымы «Хаганы» деп аталған қарулы жасақтарға ерiктiлер алынатынын хабарлады. Сөйтiп, 1929 жылы сол «Хаганыдың» орталығы құрылып, оған жеке қарулы құрамалар жинақтау, әскери жаттығулар, даярлықтар өткiзiп, жасырын түрде қару-жарақ сатып алу, арабтарға қарсы алуан түрлi ұрыс, шабуыл жасау тәсiлдерiн ойлап-табу жүктелдi. Бұл террорлық ұйымдардың ұзақ жылдар бойы арабтарға жасаған небiр сұмдық қантөгiстерi туралы айтып түгесу де оңай емес. Бiр ғана мысал: «1948 жылы көкектiң 9-ынан 10-ына қараған түнi «Иргун цвей леуми» және «Штерннiң бандасы» сияқты екi террористiк ұйымның екi тобы арабтардың Құддыс қаласы маңындағы Дэйр-Ясин ауылын қоршап алып, қырып салған. (Қазiр Қасиеттi Құддыс шаһарын олар Иерусалим деп қана атайды – М.К.). Халыаралық Қызыл Крест өкiлiнiң мәлiмдеуiнше, сол түнi сионистер еркегi, қатын-қалашы, бала-шағасы аралас 254 арабты бауыздап тастаған (И. Ярославцев. В чем обвиняется сионизм. 26 стр). Айтпақшы, бұрын Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест деп аталатын халықаралық ұйым атынан «Қызыл Жарты Ай» деген сөздер алынып тасталды. Жарты Ай – мұсылмандықтың нышаны, демек бұл да исламға дұшпан елдердiң бұзақылығының бiрi. Мiне, терроризмдi кiм ойлап тапқанын, оның түп-төркiнi қайда жатқанын осыдан-ақ аңғара берiңiз.
Палестинада бүкiл араб атаулыға қаны қарайғандардың басын қосатын «Иргун цвей леуми» деген әлгi жасырын террорлық ұйым 1935 жылы құрылды. Сөйтiп 1944-1948 жылдар аралығында қасиеттi Құддыс шаһары орналасқан бұл аймақта сионистер арабтарға қарсы адам жаны түршiгерлiк террордың түр-түрiн жасады. Сионистердiң орталығы сол кездiң өзiнде-ақ Англияда–Лондонда орналасты. Сонау бiр кездердегi «Шонизм», «панамериканизм» деген зұлымдық атаулар бүгiнде жұртшылық санасынан сүртiлiп тастайды да, оның орнына алпауыт елдер «исламизм» деген термин ойлап тауып, оны өте бiр қорқынышты ұғымға айналдыруға тырысуда.
Басқасын қайдам, әртүрлi ақпарат көздерi, әртүрлi кiтаптар арқылы терроризмнiң бiз қанық болған бастауы осы едi. Мiне, сол заманнан берi АҚШ-ыңыз бар, Англияңыз бар, Израилiңiз бар, қалаған мұсылман мемлекетiн қанды қырғынға ұшырату үшiн осы террористерге қарсы күрес деген жалған сылтауды өте шебер пайдаланып келедi. Мұсылман мемлекеттерiн бiр-бiрiмен қырқыстырып қою үшiн де осы тәсiл пайдаланылуда. Ауғанстандағы, Ирактағы, Чешенстандағы қансоқтаның бәрi террористермен күрес деп аталатын осы өтiрiк сылтаудан басталды. Бұл соғыстарды кiм бастап отырғанын ақыл-есi дұрыс адам ол қырғындар қай жерде, қай мемлекеттiң территориясында болып жатқанына қарап-ақ бiледi. Ал Ливиядағы, Мысырдағы және басқа араб елдерiндегi төңкерiстердi кiм ұйымдастырып отырғаны да ойланарлық мәселе. Араб елдерiне, Ауғанстанға АҚШ тарапынан соғыс ашылар сәтте Ресей өте сырғаяқ, өте сусыма саясат жүргiзедi. Орыстар мұндайда, әуелi арабтарды, парсыларды, ауғандарды жақтаған болады да, бiртiндеп «бұл бейбiт келiсiммен, келiссөздер арқылы шешiлуi керек» деген сұйқылтым сөзге көше бастайды. Ең әрi кеткенде БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесi әдiлiн айтар дей салады. Ақыры, АҚШ-тың немесе НАТО-ның қанқұйлы саясаты өз дегенiне жетiп, мұсылман елiн әуеден бомбаның астына алып, суда кемемен, құрлықта танкiмен таптай бастағанда Ресей мұсылман елдерiнен сырт айналып шыға келедi. Оған Ауғанстандағы, Ирактағы осы күнгi соғыс басталар кезде де көзiмiз жеткен. Яғни, АҚШ-тың қанды қанжары мұсылманның алқымына таянғанда Ресей жалт бередi.
Иә, қазiр АҚШ, Батыс Еуропа, Ресей тарапынан жасалып жатқан қантөгiстiң бәрi терроризмге қарсы күрес деген жалған сылтаумен жасалуда. Соңғы жылдары Израиль Ливанда, кәзiр Филастинде жүргiзiп жатқан қанды уақиғалардың да басты көзiрi осы сөз. Израиль әнебiр кездерi соның бәрiн «Хесболлаһ» деп аталатын ұйымға қарсылығымыз деген сылтау айтты. Тек Израиль ғана емес бүкiл алпауыт мемлекеттер қазiр ұлт-азаттық көтерiлiсi мен терроризмдi өз ыңғайына қарай бұрып, шатастырып атайтын болды. Мысалы, Ресейден бөлiнiп, өз алдына отау тiгудi көздеп күресiп жүрген чешендердi орыстар террористер дейдi. Егер сол чешендер Америкада дәл осындай қимыл жасап жүрген болса, орыстар оларды азаттық үшiн, тәуелсiздiк алу үшiн күресiп жатыр дер едi. Егер әлгi «Хесболлаһ» немесе «әл-Каида» Ресейге қарсы күресiп жатса, АҚШ пен Англия бастаған жандайшаптар бұл ұлт-азаттық күресi дер едi.
Айтпақшы, Израильдiң ең бiрiншi премьер-министрi Бен-Гурион еврей мемлекетi жарияланбай жатып-ақ сонау 1947 жылдың мамырында: «Араб коалициясының ең осал тұсы – Ливан. Мұндағы арабтардың жасанды басымдығын оп-оңай жоюға болады. Ол жерде христиан мемлекетiн құру керек. Бiз ондай мемлекетпен одақтас болар едiк..,–дей келiп:–Сосын Трансиордонияны алып, Сирияны, Мысырды, Порт-Саидты, Александрияны, Каирды бомбалап, ата-бабамыздың кегiн қайтарар едiк»,–деп жазыпты. (И. Ярославцев. В чем обвиняется сионизм. 35 стр).
Биыл бiрсыпыра араб елдерiнде болып жатқан ұлы қиқу, алашапқын уақиғаларды Ресей премьерi В. Путин баяғы «крест жорығы» сияқты деген сыңайдағы сөздi айтып қалды. Әккi саясаткердiң ненi меңзеп айтқанын кiм бiледi, бiрақ сонау орта ғасыр тарихынан бермен мұсылман елдерiне еуропалықтар-римдiктер жасаған крест жорығы өзiнiң түр-түсiн, атын өзгертiп, күнi бүгiнге шейiн жалғасып келе жатқаны ақиқат. Ол соғыстардың бәрiнiң авторлары да еуропалықтар. Ливиядағы төңкерiстi де Американың ОББ-сы (Орталық барлау Басқармасы) екi жылдан берi дайындағаны, бұған дейiнгi талай-талай ислам террористерi жасаған жарылыстар дегеннiң бәрiн осы ОББ жасағаны ендi белгiлi болып отыр. Расында, жер бетiнде миллиондаған адамды шыбындай қырған сонау 1-шi дүниежүзiлiк, 2-шi дүниежүзiлiк соғыстан бастап, өзге де үлкендi-кiшiлi қырғындардың ешқайсысын мұсылман мемлекеттерi бастамаған екен. Ал екi ислам мемлекетi қырқысып жатса, оларды бiр-бiрiне айдап салып, ортасына от тастап отыратындар да әлгi алпауыт мемлекеттер екенi мәлiм. Бiресе панисламизм, бiресе пантюркизм дегендi , одан соң терроризм, исламизм дегендердi ойлап тауып, қарапайым халықтың санасын улайтындар да осы мемлекеттер. Осының ар жағында кiсi ойы жетпейтiн түрлi пәленiң тұрмағанына кепiлдiк бар ма?
20.10.2011