Күнгейден Астанаға керуен аттанды

Күнгейден Астанаға керуен аттанды

Күнгейден Астанаға керуен аттанды
ашық дереккөзі
191

Таяуда Шымкенттен ет және сүт, кө-кө­­нiс пен жемiс-жидек өнiмдерiн, басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын тиеген бiрнеше жүк көлiгi Елордаға аттанды. Бұл керуен Оңтүстiк Қазақстан облысының Ас­та­надағы күндерiне арналған тартуы бо­ла­­тын.

Облыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­масы бастығының орынбасары Полатбай Тастановтың айтуынша, керуенмен 10 тон­на сиыр етi, 10 тонна қой етi, 12 тонна күр­кетауық етi, 8 тонна шұжық өнiмдерi, 10 тонна балық өнiмдерi жөнелтiлдi. Кеп­тi­рiлген жемiстердiң түр-түрi де Астана тұр­ғындарының дастархан мәзiрiн байыта түсетiнi анық. Жерлестерiмiз бұл жолы оның 5 тоннасын дайындапты. 5 тонна тiл үйiретiн балы және бар. Оған 3 тонна кондитер өнiмдерi мен 1 тонна тортты қосыңыз. Сүт өнiмдерiнен жасалған та­ғамдардың өзi 5 тоннаны құрайды. 40 мың жұмыртқа арзан бағамен сатылмақ.

Оңтүстiк өңiрi көкөнiс пен бау-бақша өнiм­дерiне бай екенiн астаналықтар жақсы бiледi. Сондықтан оны асыға күтетiнi де рас. Биылғы берекелi өнiм жомарт күздiң ажа­рын аша түскендей. Әсiресе Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам аудандары мен Түркiстан, Арыс қалаларында жиын-терiм қызу жүруде. Олар Астана жұртшылығына арнап мол сыбаға салды. Мәселен 16 тонна қияр, 20 тонна қызанақ, 16 тонна болгар бұрышы мен баклажан, 40 тонна пияз, 20 тонна сәбiз, 40 тонна қырыққабат, 30 тонна картоп…тағысын-тағылар. Сонымен қатар, 10 тонна өсiмдiк майы, 10 тонна макарон өнiмдерi, 20 тонна сыра, 12 тонна түрлi сусын және оң­түс­тiктен шы­ғатын басқа да тауарлар бар.

Жалпы, Оңтүстiктiң көкөнiс, бау-бақша, же­мiс-жидек дақылдарына деген сұраныс артып келедi. Елбасымыздың көкөнiс кластерiн да­мытуда Оңтүстiк Қазақстан облысына бас­ты басымдық бергенi мәлiм. Мысалы былтыр облыс аумағындағы 29,7 мың гектар көкөнiс алқабынан 633 мың тонна өнiм жиналып, оның 490 тоннасы республиканың өзге өңiрлерiне жөнелтiлсе, ағымдағы жыл­дың межесi мұнан да жоғары. Осыны ескерген өңiрдiң агроқұрылымдары би­ыл көкөнiстi 3872 гектарға, картопты 1200 гек­тарға , бақша дақылдарын 2235 гектарға ар­т­ық ектi.

Астана қаласына бұған дейiн 38,4 мың тон­на көкөнiс, 41,5 мың тонна бақша, 15 мың тонна картоп, 8 мың тонна жемiс-жи­дек, 1 мың тоннадай жүзiм жеткiзiлген екен. Бұл керуеннiң соңы емес. Елордаға сапар қа­ра күзге дейiн жалғасады.Ендеше, көш көлiктi болсын!

Қали Рақымжанов Шымкент қаласы

06.10.2011

Серіктес жаңалықтары