Астрономия және Алаш балғындары
Астрономия және Алаш балғындары
«Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжiрибелiк, бiлiм беру және сауықтыру орталығында өткен XVI Халықаралық астрономиялық олимпиада өз мәресiне жеттi. 19 елден келген 1517 жас аралығындағы 100 шақты оқушы бақ сынасты. Халықаралық олимпиада Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы және Ю. Гагариннiң ғарышқа ұшуына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Олимпиаданы өткiзудiң басты мақсаты – жалпы орта бiлiм беретiн мектеп оқушыларының астрономия және физика салаларына қызығушылығын арттыру, оларды ғарыш саласынан толық мәлiмет беретiн үйiрме, секция, клуб жұмыстарына баулу, әрi теория мен тәжiрибенi ұштастыруға көмектесу.
Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың олимпиаданың ашылу салтанатына жолдаған құттықтау хатында: «Олимпиаданың биылғы жылы Қазақстанда ұйымдастырылып отырғандығында бiрден бiр себеп – Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығы. Астрономия саласы бойынша мектеп бағдарламасынан тыс зерттеу жұмыстары 60-жылдардан бастау алады. Бүгiнде бұл сала iлгерi дамып келедi», — дедi ол.
Халықаралық олимпиада үш кезеңнен тұрды. Теориялық кезеңде жас астрономдар есеп шығарып, астрономияның жоғарғы деңгейдегi төрт бөлiмiн қамтитын тапсырмаларды орындады. Ал бақылау кезеңiнде қатысушылардың жұлдызды аспан туралы бiлiмдерi сыналды. Үздiк көрсеткiштерге Оңтүстiк Корея, Үндiстан және Ресейден келген оқушылар ие болса, Қазақстан атынан қатысқан 7 бала жоғары балл жинап, I, II, III дәрежелi дипломдарды иемдендi. Олимпиаданың қорытындысы бойынша, I дәрежелi диплом – «Бөбек» ұлттық орталығының тәрбиеленушiсi Азамат Қалиев пен Абдолла Бекзатқа, II дәрежелi диплом – Мадина Болат, Ахмет Төлегенов, Вадим Уссикке, III дәрежелi диплом – Әлiбек Бекжанов пен Кирилл Бородинге бұйырды.
Келесi олимпиада 2012 жылы Оңтүстiк Кореяда өтетiн болады.