«Өскен өркен» туған үй
«Өскен өркен» туған үй
Мұхтар Омарханұлы 1959-1960 жылдары жаз айларында осы үйде тұрып, шығармашылық жұмыстар iстеген. «Өскен өркен» романын жазған. Қолы бос кезiнде 1920 жылдардағы досы – Бөлтiрiк (?) туралы материалдар жинаған. Кейiн қырғыз зерттеушiсi Мундузбек Тентимишев бұл жөнiнде «Әуезовтың досы – Бөлтiрiк» деген еңбек жазған. (Абайтанушы, мұхтартанушылардың айтуынша, Бөлтiрiк деген қырғыз жiгiтi кезiнде әртүрлi жағдаймен, тағдырдың жазуымен Абай ауылын бiраз паналағанға ұқсайды).
Шолпан-Атада жаз бойы қазақ жерiнен мың-мыңдаған адам келiп, демалады екен. Бiрақ… бұл мұражайға бас сұғатындар сирек сияқты. Манаттың айтуынша, соңғы бiрер жылда мұнда (2003 жылға дейiн) тек Тұрсынбек Кәкiшев, Диар Асқаров, Мұрат Әуезовтен басқа танымал қазақ болмаған.
1977 жылы «Заман Ту» деген бiр қырғыз фирмасы мұражайға шағын жөндеу жұмыстарын жүргiзген екен. Ал мұражайдың өзi мемлекеттiк қорғау тiзiмiнде жоқ сияқты.Одан берi жетi жылдай уақыт өткен. Ал оның қазiргi жағдайы қандай? Бұны төмендегi материалдан бiлесiздер.