АУДИОАНТОЛОГИЯ жарық көрдi

АУДИОАНТОЛОГИЯ жарық көрдi

АУДИОАНТОЛОГИЯ жарық көрдi
ашық дереккөзі

Биыл дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың ғасырлық мерейтойы жылында Алаш рухы, қазақ рухы оянып, осы мерейтойдың арқасында бiршама игiлiктi iстер атқарылды. Соның бiрiне – "Қасымнан – ғасырға" атты Қарағанды облысы жас ақындарының аудиоантологиясын жатқызуға болады.

Аудиоантологияны Қарағанды облысы әкiмдiгi iшкi саясат бөлiмiнiң қолдауымен "Ақсораң" қоғамдық қоры шығарды. Жинаққа 2003 жылы "Шабыт" халықаралық жастар шығармашылық фестивалiнiң лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi Руслан Нұрбайдан бастап, Мирас Асанға дейiнгi 40 шақты ақынның шығармалары енген. Сондай-ақ, Есжан Әмiров сияқты жергiлiктi композиторлардың бiрнеше әнiн де осы аудиоантологиядан таба аласыздар. Соның iшiнде өмiрден ерте кеткен Дәулет Ырысбайұлының "Қарағанды" атты әнi де бар. Жалпы алғанда 102 шығарма енген. Жинақты шығарушылар тек қана облыс орталығында тұратын ақындармен шектелген жоқ. Мұнда жезқазғандық Төлеген Жаманов, балқаштық Iлияс Мұқай, Мақсат Күземханов, жаңаарқалық Әсет Аманжоловтың да өлеңдерi жинақталған.

Күйтабақты шығарған "Ақсораң" қоғамдық қоры мен облыс әкiмдiгi таяуда алғашқы саны жарық көрген "Қасым" журналының құрылтайшылары да болып табылады. Қордың ұжымы шығармашылық потенциалы мол жастардан құралған.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Қарағанды облысы

29.09.2011