БЕТI ТҮЗЕЛГЕН КИЕЛI КӨШ
БЕТI ТҮЗЕЛГЕН КИЕЛI КӨШ
Дүниежүзi қазақтарының IV құрылтайы қарсаңында халық қалаулылары "Халықтың көшi-қоны туралы" Заң жобасын бiрауыздан мақұлдаған болатын. Сонау 1997 жылдан берi жұмыс iстеп келген бұрынғы заңның уақыт өте келе заман көшiнен қалып жүргендiгi ескерiлiп, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Бұрынғы заң бойынша Қазақстан азаматтығын алуға бес жылдай уақыт кетсе, жаңа заңда елге оралған қандастар бiр жылдың iшiнде азаматтық ала алады. Заңның тағы бiр ерекшелiгi – шетелде жүрiп-ақ елге көшу туралы арызын жiберiп, қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етiледi екен. Сондай-ақ бұдан былай оралман бiр мезетте өтемақы мен пәтерге қол жеткiзу үшiн мемлекеттен бөлiнетiн қаржыны Қазақстан азаматтығын алғаннан кейiн ғана алуға мүмкiндiгi бар. Мамандар бұл жалған құжат пен жәрдемақы алу деректерiн азайтатындығын алға тартуда. Айта кету керек, бүгiнде ресми мәлiмет бойынша жалған құжатпен 42 млн. теңгенi жымқырған 64 дерек тiркелiптi.
қол жеткiзу үшiн мемлекеттен бөлiнетiн қаржыны Қазақстан азаматтығын алғаннан кейiн ғана алуға мүмкiндiгi бар. Мамандар бұл жалған құжат пен жәрдемақы алу деректерiн азайтатындығын алға тартуда. Айта кету керек, бүгiнде ресми мәлiмет бойынша жалған құжатпен 42 млн. теңгенi жымқырған 64 дерек тiркелiптi.
Әрине, жаңа заңда көрiнiс тапқан осындай жеңiлдiктер көшi-қон саласындағы бiрқатар кедергiлердi толығымен жоймаса да, заман ағымына сай iлесiп кетуi мүмкiн. Заң қабылданды. Ендi оның орындалу тетiгiн ұйымдастыру қажет. Осы мақсатта Дүниежүзi қазақтары қауымдастығында ұйымдастырылған "Этникалық көшi-қон: Құрылтай шешiмдерi және жаңа заң" атты дөңгелек үстелде оралмандардың түйткiлдi мәселелерi тағы да талқыға салынған. "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңның кейбiр тұстары жетiлдiрiлсе де, қандастардың көкейiн мазалаған жайттар азаяр емес. Бұл әсiресе, Қытайдан Отанына келудi аңсайтын қандастарға қатысты. Бұған дейiн Үрiмшiде виза алуға байланысты кедергiлер туындап, ондағы 8 мың қазақтың кезек күтiп отырғандығы туралы айтылған едi. Отырыста бұл мәселе де сырт қалған жоқ. Алайда Қытайдан келген Жәмсап Бәзiкбайұлының пiкiрiнше, Қытайдағы қандастың оралуына арадағы делдалдар тосқауыл болып жатқан көрiнедi. Тағы бiр ден қоятын мәселе – Қытай жағы қазақ отбасының жасы егде тарқан мүшелерiн ғана жiберуге құлықты. Ал жастарды мейлiнше түрлi сылтаумен алып қалуға тырысады екен. Өзбекстаннан келген Үсен Асқаров: "Негiзiнен Қазақстанға келiп жатқан оралманның көпшiлiгi – Өзбекстаннан. Бiрақ Өзбекстаннан көшiп келетiн оралман үйiн сата алмай қиналуда. Баспананың бағасы арзан. Екiншiден, Өзбекстандағы адамдардың мүлiк алу мүмкiндiгi төмен. Көпшiлiк жұрт ауылдағы үйiн кадастрден өткiзiп, заңдастырмаған", – дейдi. Ол сондай-ақ Өзбекстанның маңайындағы Сарыағаш, Жетiсай қалаларынан орта бiлiм беретiн оқу орындарын (колледж, кәсiптiк лицей) ашудың аса қажеттiгiн тiлге тиек еттi. Оның пiкiрiнше, бұл қазақ отбасы балаларын тiлдiк ортаға бейiмдеп, келешекте Отанға оралуына түрткi жасауы әбден ықтимал. Мұнымен қоса қандасымыз оралмандардың бүгiнгi күнi тап болып отырған мәселелерi талқыланатын арнайы мемлекеттiк веб-портал жұмыс iстесе деген тiлегiн бiлдiрдi. Ал Қырғызстаннан келген қандасымыз екi ел арасындағы этникалық қарым-қатынасты реттеу керектiгiне басымдық бердi. Ол – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара мәселесi. "Қырғызстандағы қазақтар шекарадан айналып өтiп, әбiгерге салынуда. Тағы бiр жайт – этникалық қазақтардың Қазақ елiнде нәпақа табуына жағдай жасау қажет", – дейдi.
Дөңгелек үстелде түрлi пiкiр ортаға салынған-ды. Бiрi заңның кейбiр тұстарына келiспейтiндiгiн бiлдiрсе, ендi бiрi қай тұрғыдан алсақ та бiрқатар iлгерi жылжудың барын айтады. Мәселен заңгер Роза Өмiртай: "Ескi заңда оралман орнына "босқын" деп жазылған болатын. Отанына келген этникалық қазақ қалай босқын болады? Мiне, осы бап жетiлдiрiлген.
Заң қабылданды. Бұрынғы заң бойынша Қазақстан азаматтығын алуға бес жылдай уақыт кетсе, жаңа заңда елге оралған қандастар бiр жылдың iшiнде азаматтық ала алады. Заңның тағы бiр ерекшелiгi – шетелде жүрiп-ақ елге көшу туралы арызын жiберiп, қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етiледi екен. Сондай-ақ бұдан былай оралман бiр мезетте өтемақы мен пәтерге қол жеткiзу үшiн мемлекеттен бөлiнетiн қаржыны Қазақстан азаматтығын алғаннан кейiн ғана алуға мүмкiндiгi бар. Мамандар бұл жалған құжат пен жәрдемақы алу деректерiн азайтатындығын алға тартуда. Айта кету керек, бүгiнде ресми мәлiмет бойынша жалған құжатпен 42 млн. теңгенi жымқырған 64 дерек тiркелiптi.
Әрине, жаңа заңда көрiнiс тапқан осындай жеңiлдiктер көшi-қон саласындағы бiрқатар кедергiлердi толығымен жоймаса да, заман ағымына сай iлесiп кетуi мүмкiн. Заң қабылданды. Ендi оның орындалу тетiгiн ұйымдастыру қажет. Осы мақсатта Дүниежүзi қазақтары қауымдастығында ұйымдастырылған "Этникалық көшi-қон: Құрылтай шешiмдерi және жаңа заң" атты дөңгелек үстелде оралмандардың түйткiлдi мәселелерi тағы да талқыға салынған. "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңның кейбiр тұстары жетiлдiрiлсе де, қандастардың көкейiн мазалаған жайттар азаяр емес. Бұл әсiресе, Қытайдан Отанына келудi аңсайтын қандастарға қатысты. Бұған дейiн Үрiмшiде виза алуға байланысты кедергiлер туындап, ондағы 8 мың қазақтың кезек күтiп отырғандығы туралы айтылған едi. Отырыста бұл мәселе де сырт қалған жоқ. Алайда Қытайдан келген Жәмсап Бәзiкбайұлының пiкiрiнше, Қытайдағы қандастың оралуына арадағы делдалдар тосқауыл болып жатқан көрiнедi. Тағы бiр ден қоятын мәселе – Қытай жағы қазақ отбасының жасы егде тарқан мүшелерiн ғана жiберуге құлықты. Ал жастарды мейлiнше түрлi сылтаумен алып қалуға тырысады екен. Өзбекстаннан келген Үсен Асқаров: "Негiзiнен Қазақстанға келiп жатқан оралманның көпшiлiгi – Өзбекстаннан. Бiрақ Өзбекстаннан көшiп келетiн оралман үйiн сата алмай қиналуда. Баспананың бағасы арзан. Екiншiден, Өзбекстандағы адамдардың мүлiк алу мүмкiндiгi төмен. Көпшiлiк жұрт ауылдағы үйiн кадастрден өткiзiп, заңдастырмаған", – дейдi. Ол сондай-ақ Өзбекстанның маңайындағы Сарыағаш, Жетiсай қалаларынан орта бiлiм беретiн оқу орындарын (колледж, кәсiптiк лицей) ашудың аса қажеттiгiн тiлге тиек еттi. Оның пiкiрiнше, бұл қазақ отбасы балаларын тiлдiк ортаға бейiмдеп, келешекте Отанға оралуына түрткi жасауы әбден ықтимал. Мұнымен қоса қандасымыз оралмандардың бүгiнгi күнi тап болып отырған мәселелерi талқыланатын арнайы мемлекеттiк веб-портал жұмыс iстесе деген тiлегiн бiлдiрдi. Ал Қырғызстаннан келген қандасымыз екi ел арасындағы этникалық қарым-қатынасты реттеу керектiгiне басымдық бердi. Ол – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара мәселесi. "Қырғызстандағы қазақтар шекарадан айналып өтiп, әбiгерге салынуда. Тағы бiр жайт – этникалық қазақтардың Қазақ елiнде нәпақа табуына жағдай жасау қажет", – дейдi.
Дөңгелек үстелде түрлi пiкiр ортаға салынған-ды. Бiрi заңның кейбiр тұстарына келiспейтiндiгiн бiлдiрсе, ендi бiрi қай тұрғыдан алсақ та бiрқатар iлгерi жылжудың барын айтады. Мәселен заңгер Роза Өмiртай: "Ескi заңда оралман орнына "босқын" деп жазылған болатын. Отанына келген этникалық қазақ қалай босқын болады? Мiне, осы бап жетiлдiрiлген.
Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарымыз этникалық қазақтар, ал азаматтығын рәсiмдеу үстiндегiлер – оралман, азаматтық алған кезден бастап Қазақстан азаматы саналады. Оралмандар квотамен келгендер және квотасыз келгендер деген санатқа бөлiнген. Сондай-ақ оралман мәртебесiн алу мерзiмi де бекiтiлген, – деген ойын бiлдiрдi. Ал "Заң қабылданбайды, атқарылады. Оны жүзеге асыратын механизм керек", – деген тарихшы-ғалым Нәбижан Мұхамедханұлы бүгiнгi таңда бiлiм алуға ниет бiлдiрген қандастардың орнын ауған жастарының басып кеткендiгiне iштей наразылығын жеткiздi. "Әрине, елiмiздiң бұл саясатына ешбiр дау жоқ. Десек те атажұртқа келген жастардың әуелгi кезде арнайы бейiмделу орталықтарында бiлiм алып, жаңа ортаға бойын үйретуi керек қой", – дейдi ол.
Қазiргi кезде қоғамда "Қытайдан келетiн көш тоқтап қалды", – деген пiкiр гу-гулеп жүр. Алайда Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашев мырза отқа май құя түсудiң зияны болмаса, пайдасы жоқтығын қадап айтты. "Бiр топтың (Қытайдан келген кейбiр оралмандарды айтады) баспасөзде, интернет беттерiнде жариялаған материалдарына қарағанда, көш тек Қытайдан келiп жатқан сияқты. Олай емес. Қазақ көшi Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан көптеп келуде. Әрине, Қытайда виза мәселесiне байланысты кедергi болды. Бiрақ көш мүлдем тоқтап қалды деп кесiп айту қиын. Байбалам сала бергенше, пiкiрлерiңдi қауымдастыққа келiп айтыңдар, бiз тыңдауға әркез дайынбыз. Ал сыйласып жүрмiз бе, сыйласып, адам сияқты жүрiңдер. Жөнi жоқ есiрiп, құтырмаңдар! Сырттан ғайбат сөздер айтып, тон пiшiп жүргендерiңдi "ұрғаным бар", – дедi. Әрине, мұндай ауыр сөздi жай бiреу емес, Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы төрағасының бiрiншi орынбасары Талғат Мамашев мырзаның аузынан естимiз деп күтпеген едiк. Алайда Талғат Мамашевтiң қызбалыққа салынған бұл пiкiрiн кейбiр ақпарат құралдары мен бiрлi-жарым оралман қандастар өрескел түрде бұрмалап: "Оралмандарды ұрғаным бар!" – деп айтты дегендi қоғам талқылауына салып жiбердi. Бәлкiм, бәзбiр тiлшiлер "ұрғаным бар" деген сөздiң алдына "оралмандарды" дегендi отқа май құя түсу үшiн әдейi қосып жiбердi ме? Не десек те, осыдан кейiн елiмiздiң ақпарат құралдары кәдiмгiдей дабыра көтерiп, мәселенi ушықтырып әкеттi. Ал осы аптада Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашев баспасөз мәслихатын өткiзiп, қоғамдағы алып-қашпа әңгiмелерге жауап бердi. "Қазақстан сияқты ешбiр ел өз қандастарына жағдай жасаған емес. Өкiнiшке қарай, осы жағдайды ескермей, оралмандар туралы орынсыз сын пiкiрлер айтушылар көбеюде. Әрине, көшi-қон жөнiнде ешқандай сын айтылмасын демеймiз. Керiсiнше кемшiлiктердi атап көрсетiп, оны шешудiң жолын қарастырмасақ, жұмысымыз алға баспайды. Мысалы, соңғы кезде Үрiмшiдегi бiздiң паспорттық-виза мекемесiне ащы сын айтылды. Бiз де осы мәселемен кеңiнен айналысып келемiз. Ал жап-жақсы дөңгелек үстелдiң шырқын бұзып, шуылдап шыға келген Ауыт, Рақым сияқты ағайындарға қатты айтуға тура келдi. Әркiм қазақтың сөзiн өз деңгейiне қарай түсiнедi. "Ұрғаным бар" деген сөз сендердiң арыздарыңды, у-шуларыңды, жалаларыңды құлаққа iлмеймiн, сендерге дауа жоқ" деген мағынада айтылды. Бұл бүкiл оралман ағайындарға емес, нақты адамдарға бағытталғаны онсыз да түсiнiктi емес пе? Оралмандар қазiр 1 млн. адам. Соншама адамға ауыр сөз айту – өңiм түгiл түсiме кiрмейтiн нәрсе. Бүкiл республиканы шулатып, менi қаралауға кейбiр БАҚ өкiлдерi де үлкен үлес қосып жүр. Мұндайда сақ болған жөн. Ал арандатуға сенiп, қате түсiнген оралман ағайындардан ресми түрде кешiрiм сұраймын. Уақыт бәрiн де өз орнына қояды. Аққа Құдай жақ деген. Айқай-шуды қойып, бiрлесiп жұмыс iстейiк", – дедi Талғат Мамашев мырза.
29.09.2011
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ